Сотталған азаматтар үшін тегін пайдалы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 3 ақпандағы N 180 қаулысы. Жаңаөзен қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 ақпанда N 11-2-102 тіркелді

      Әділет Министрлігінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 151 бұйрығының негізінде және 1997 жылғы 16 шілдедегі N 167 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42-бабына сәйкес, қала әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сотталған азаматтар үшiн тегiн пайдалы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер мен кәсiпорындардың тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Шығарылған сот үкiмiне және қылмыстық атқару инспекциясының жолдамасына сәйкес жұмыс берушiлер сотталған азаматтарды қала аумағында көгалдандыру, жасыл көшеттердi отырғызу, көркейту, санитарлық тазалау, құрылыс, жолдарды және оның аймағын тазалау жұмыстарына, санитарлық қызметтерге тартылуын қамтамасыз етсін.

      3. Аталған тiзiмде көрсетiлген мемлекеттiк кәсiпорындардың басшылары сотталған азаматтар үшiн тегiн пайдалы қоғамдық жұмыстардың төлемақыларын жергiлiктi бюджетке аударылуын қамтамасыз етсiн.

      4. Қала әкімдігінің 2008 жылғы 05 ақпандағы N 311 қаулысының күші жойылсын.

      5. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Т.Сатыбалдиевке жүктелсiн.

      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкiмi     Ж.Бабаханов

      КЕЛІСІЛДІ:
      М.И.Абубикиров _______________
      «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
      «_____»____________ 2009ж.

Қала әкімдігінің 2009 жылы
«___»______N_____ қаулысына қосымша

Сотталған азаматтар үшiн тегiн пайдалы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер мен кәсiпорындардың тiзбесi

      1. «Жаңаөзен қалалық орталық аурухана» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорын /С.Бекназаров/

      2. «Өзенинвест» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын /Ж.Мукашев/

      3. «Тазалық» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын /Н.Қайнарбеков/

      4. «Өзенкөктем» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын /Ж.Туров/

      5. «Өзен жылу» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын /Б.Ақшабаев/

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады