Қала әкімдігінің "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" 2009 жылғы 21 мамыр № 852 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 7 қыркүйектегі № 1403 қаулысы. Жаңаөзен қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 қыркүйекте № 11-2-117 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабы мен 7 бабы 6 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 10 наурыздағы № 274 «Мемлекет басшысының 2009 жылы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс - шаралар жоспарын бекіту туралы» және Облыс әкімдігінің 2009 жылы 16 наурыздағы № 746 - 1 «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс - қимыл жоспарын Жол картасын орындау жөніндегі іс - шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулыларын іске асыру мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.Қала әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамыр № 852 «Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөнінде қосымша шаралар туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-111 тіркелген, «Жаңаөзен» газетінің № 23 (1410) 2009 жылы 10 маусымда жарияланған), және қала әкімдігінің 2009 жылғы 3 шілде № 1119 «Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөнінде қосымша шаралар туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-114 тіркелген, «Жаңаөзен» газетінің № 32 (1419) 2009 жылы 12 тамызда жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасы қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2.Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Сатыбалдиевке жүктелсін.

      3.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                              Ж.Бабаханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады