Ескерту. Күші жойылды - Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2010.12.29 № 950 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген «Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру» Ережесіне сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылға арналған табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып - күтумен айналысатын адамдарды, сондай - ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттырудың мамандықтар тізбесін қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қала әкімдігінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 2011 «2009 жылға арналған жұмыссыздар үшін кәсіби біліктілігін арттыру және қайта даярлау мамандықтар тізбесін бекіту туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-98 тіркелген, «Жаңаөзен» газетінің № 4(1391) 2009 жылы 28 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Сатыбалдиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Ж.Бабаханов