Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңының 5 - бабының 2 - тармағына сәйкес аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бейнеу ауданы бойынша еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңындағы нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Қ.Әбілшеев |
Аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 24 маусымдағы № 93 қаулысымен бекітілген қосымша |
отбасында бірде бір жұмыс жасайтын адамы жоқ жанұя мүшелері;
кәмелеттік жасқа толмаған (бір, екі, үш) бала тәрбиелеп отырған жалғызілікті ата-аналар;
кәмелеттік жасқа толмаған (бір, екі, үш) бала тәрбиелеп отырған асыраушысынан айырылған ата - аналар;
баспанасыз адамдар;
екі және одан да көп айға созылған жұмыссыздар;
құжаттарын тапсырған сәтте Қазақстан Республикасына шет елдерден тұрақты тұруға көшіп келген уақыты үш жыл мерзімінен аспайтын азаматтар;
кәсіптік лицейлерді және колледждерді, бастауыш кәсіптік және арнаулы кәсіптік орта оқу орындарын бітірген 24 жасқа дейінгі жастар.