Орталық көшелерге ат беру туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігі Сыңғырлау селолық округі әкімдігінің 2009 жылғы 27 қазандағы № 3 шешімі. Бейнеу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 қарашада № 11-3-87 тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Сыңғырлау ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Сыңғырлау ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сыңғырлау ауылы әкімінің 14.07.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Сыңғырлау ауылындағы мына көшелерге:

      ауылдың оңтүстік батысынан басталып "Бейнеу-Тәжен" тас жолына шығатын бағытқа дейінгі аралықта орналасқан орталықтағы ең ұзын көшеге – "Тәуелсіздік", осы Тәуелсіздік көшесіне орталықтағы № 37 үй маңынан келіп қиылысатын, бойында басқа да құрылыс объектілерімен қатар, автобус аялдамасы, дүкен ғимараты орналасқан ауылдың оңтүстік бағытына қарай созылып жатырған қатарлас көшеге "Егемендік" аттары берілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сыңғырлау ауылы әкімінің 14.07.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім Бейнеу аудандық Әділет басқармасына тіркеуге ұсынылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап 10 күннен бастап 10 күн мерзім өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.

      Селолық округ әкімі: Ғ.Тастемір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады