Сыңғырлау селолық округі әкімінің 2009 жылғы 27 қазандағы № 3 "Орталық көшелерге ат беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сыңғырлау ауылы әкімінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 4 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 тамызда № 3409 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына және Сыңғырлау ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Сыңғырлау ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сыңғырлау селолық округі әкімінің 2009 жылғы 27 қазандағы № 3 "Орталық көшелерге ат беру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-3-87 болып тіркелген, 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 50 (1918) "Рауан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Сыңғырлау ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Сыңғырлау ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      1. Сыңғырлау ауылындағы мына көшелерге:

      ауылдың оңтүстік батысынан басталып "Бейнеу-Тәжен" тас жолына шығатын бағытқа дейінгі аралықта орналасқан орталықтағы ең ұзын көшеге – "Тәуелсіздік", осы Тәуелсіздік көшесіне орталықтағы № 37 үй маңынан келіп қиылысатын, бойында басқа да құрылыс объектілерімен қатар, автобус аялдамасы, дүкен ғимараты орналасқан ауылдың оңтүстік бағытына қарай созылып жатырған қатарлас көшеге "Егемендік" аттары берілсін.

      2. "Сыңғырлау ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (М.Есеров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі Ғ.Тастемір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады