"Қарақия ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы" аудан әкімдігінің 28 тамыздағы 2006 жылғы N 176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 ақпандағы N 57 қаулысы. Қарақия ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 сәуірде N 11-4-82 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 31-бабы 1-тармағы 13-тармақшасына, «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2008 жылғы 04 желтоқсандағы N 96-ІV Заңына және Қарақия аудандық маслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 11/88 шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан әкімінің 28 тамыз 2006 жылғы N 176 қаулысына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1 тармақшасы төменгідей өзгертілсін;
      - И.Сағынбаевтың орнына Г.Сүйеуова аудан әкімінің орынбасары,
      - С.Әбішеваның орнына А.Отарбаева бөлімнің бас маманы болып,
      - Ұ.Атағараеваның орнына М.Нұрсейтова бөлімнің бас маманы болып.
      2) Бір жолғы материалдық көмекті құқықпен, отбасы мүшесінің жиынтық табысы аймақ бойынша белгіленген кедейлік деңгейінен төмен болған аз қамтамасыз етілген отбасылар және кедейлік деңгейінен асып кеткен жағдайларда құжаттарына сәйкес аса мұқтаж азаматтар пайдаланады деген сөздермен 6 тармақша өзгертілсін.
      3) Бір жолғы материалдық көмек аз қамтамасыз етілген отбасына және аса мұқтаж азаматтарға өтініші бойынша күнтізбелік жылда бір реттен жиі емес кейбір жағдайларда жылына екі реттен тағайындалады олар:
      - отбасы мүшелерінен біреу қайтыс болған;
      - қатаң ауырған, операция жасататын, қала шегінен шығып емделуге кететін;
      - зардап шеккен отбасына, материалдық шығын келтіріп өрт болған отбасының немесе азамат басында бақытсыз оқиғалар болған, табыс көзі
балаларын асырауға жетпейтін, басында баспаналары жоқ жағдайларда тағайындалады деген сөздермен 7 тармақша ауыстырылсын.
      4) Алушылардың дербес іс қағаздарын құрастыру кезінде уәкілетті орган қызметкерлері құжаттарды түпнұсқасымен салыстыру арқылы тексеруге, мәртебені анықтайтын және дәлелдейтін қосымша құжаттарды талап етуге құқылы деген сөздермен 8 тармақша ауыстырылсын.

      2. Материалдық көмек тағайындауға және төлеуге қажетті құжаттар:
      1) тұрақты мекен жайын анықтайтын тұрғындарды тіркейтін тіркеу кітабы немесе басында баспанасы жоқ екендігін дәлелдейтін анықтама;
      2) өтініш берушінің жеке куәлігі;
      3) салық төлеушінің тіркелу куәлігі;
      4) әлеуметтік жеке код куәлігі;
      5) материалдық көмек алу мәртебесі бар екендігін дәлелдейтін құжат;
      6) зардапты оқиғаны дәлелдейтін құжаттар (анықтама, куәлік және т.б.)
      7) әлеуметтік, материалдық ауыр жағдайды куәландыратын т.б. құжаттар;
      8) тұрмыс жағдайын тексеру акті деген сөздермен толықтырылсын.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Сүйеуоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімінің
міндетін атқарушы   Ч.Абилов

      Келісілді:
      Аудан әкімінің орынбасары
      Г.Сүйеуова _________ «___»______2009 ж.
      (қолы)

      Аппарат басшысы
      С.Мұқанов _________«___»_______2009 ж.
      (қолы)

      Мемлекеттік құқықтық бөлімнің жетекшісі
      С.Молжігітов_________«___»_______2009 ж.
      (қолы)

      Қарақия аудандық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
      бастығы
      Е.Бегниязов_________ «___»_______2009 ж.
      (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады