Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы”, “Халықты жұмыспен қамту туралы ” заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы “Халықты жұмыспен қамту туралы” N 836 қаулысын басшылыққа алып, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қоса беріліп отырған 2009 жылға Маңғыстау ауданы бойынша ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбек ақысының мөлшері және қаржыландыру көздері бекітілсін /қосымша/.
2.Қоғамдық жұмыс түрлерін ұйымдастыру Маңғыстау ауданының село әкімдеріне және жіберілетін ұйымдарға ұсынылсын.
3.Жұмыссыздардың қоғамдық жұмысқа сұранысына қарай жедел жіберілуін ұйымдастыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне /С.Қайымова/ міндеттелсін.
4.Қоғамдық жұмысқа арналған бюджеттік қаржы шығындарын жоспарлау және қаржыландыру аудандық экономика және қаржы бөліміне /Р.Шабикова/ тапсырылсын.
5.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
6.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж.Албытов