Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түпқараған ауданы әкімдігінің «Түпқараған ауданы бойынша 2009 жылғы жұмысссыздарға арнап әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектлердің тізімін бекіту туралы» (Аудандық әділет басқармасында 24.01.2009 жылы N 11-6-82 болып тіркелген) 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 817 қаулысына төмендегідей толықтырулар енгізілсін:
Қосымшадағы субъектлер қатарына 8-ші болып «Маңғыстау облысы әділет департаментінің Түпқараған ауданының Әділет басқармасы» ММ» және 9-шы «Казпочта» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы» сөздері қосылып қосымша жаңа редакцияда жазылсын. /Жалғанды: қосымша/
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Жарылғаповаға жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С.Ө.Трұмов
«КЕЛІСІЛДІ»:
О.Б.Жарылғапова
С.Қани
Аудандық экономика және қаржы
бастығы
09 ақпан 2009жыл
Шүкірбаева Д.С
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
09 ақпан 2009 жыл
Түпқараған ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 09 ақпан
№ 69 қаулысына қосымша
2009 жылғы халықтың нысаналы топтарына арналған Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын қосымша әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы мекемелердің тізбесі және еңбекақы мөлшері
№ |
Мекемелердің атауы |
Жұмыс түрі және көлемі |
Республикалық бюджеттен төленетін еңбекақы мөлшері (теңге) |
1 |
«Каспий коммуналдық қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
Келісім-шартқа сәйкес |
15000 (он бес мың) тенге |
2 |
«Таушық ауылшаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Келісім-шартқа сәйкес |
15000 (он бес мың) тенге |
3 |
«Ақшұқыргаз сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
Келісім-шартқа сәйкес |
15000 (он бес мың) тенге |
4 |
«Қарағантүбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Келісім-шартқа сәйкес |
15000 (он бес мың) тенге |
5 |
«Жайлау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Келісім-шартқа сәйкес |
15000 (он бес мың) тенге |
6 |
«Жігер Ақтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Келісім-шартқа сәйкес |
15000 (он бес мың)тенге |
7 |
«Таушық көп салалы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
Келісім-шартқа сәйкес |
15000 (он бес мың) тенге |
8 |
«Түпқараған» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еншілес кәсіпорны |
Келісім-шартқа сәйкес |
15000 (он бес мың) тенге |
9 |
«Түпқараған Менеджмент Сервисеc» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Келісім-шартқа сәйкес |
15000 (он бес мың) тенге |
10 |
«Баутино Девелопмент Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Келісім-шартқа сәйкес |
15000 (он бес мың) тенге |
11 |
«Теңізмұнайқұрылыс» |
Келісім-шартқа сәйкес |
15000 (он бес мың) тенге |