Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 8 шілде 2005 жылғы Заңдарын және аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің 06 ақпан 2009 жылғы N 21139 санды хатын басшылыққа ала отырып аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 98 "Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеуге алуды дайындау және өткізу туралы" шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
N 1 қосымшадағы дәрігер мамандар тізімі жалғанған қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. /Жалғанды: Қосымша N 1/
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Б. Жарылғаповаға жүктелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С.Ө. Трұмов
"КЕЛІСІЛДІ":
О.Б. Жарылғапова
А.И. Нұржауов
Г.Шалабаева
Аудандық емхананың бас дәрігері
09 ақпан 2009 жыл
Қ.Ж. Сүйеубаев
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы
09 ақпан 2009 жыл
Аудан әкімінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы
N 98 "Түпқараған аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1992
жылы туған азаматтарды тіркеуге алуды
дайындау және өткізу туралы" шешіміне
өзгерістер енгізу туралы 08.02.2009 жылғы
N 2 шешіміне N 1 қосымша
Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркелетін азаматтарды дәрігерлік сараптамадан өткізуге тартылатын дәрігер мамандардың тізімі:
1. Терапевт - Асанова Э.
2. Тері - мерез ауруларының маманы - Ерманова Г.А
3. Тіс дірігері - Боқаева А.Н.
4. Оташы - Гумарова Ж.
5. Фтизиатор - Қани К.
6. Лор - Өрбісінова Г.М.
7. Неврапотолог - Бөгерова С.Н.
7. Көз дәрігері - Мұрынов Ж.К.
8. Физиотер. мейірбикесі - Көбелекева А.
9. Терапевт мейірбикесі - Тауарбаева Ж.
10. Лаборант - Жалғаспаева А.
11. Рентген.лаборант - Сатова А.
12. Хатшы - Акибаева Г.