Атамекен селолық округін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы

Күшін жойған

Мұнайлы ауданы мәслихатының 2009 жылғы 8 мамырдағы № 15/164 шешімі. Мұнайлы ауданы Әділет басқармасында 2009 жылы 9 маусымда № 11-7-48 тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 шілдедегі № 3/38 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 11.07.2016 № 3/38 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 8, 11 баптарына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Атамекен ауылдық округін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері № 1,2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      Ескерту. 1 тармағында "селолық" деген сөз "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын- Мұнайлы аудандық мәслихатының 24.11.2014 № 27/278(жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
       2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
Н. Кенджикараев
Аудандық мәслихат хатшысы
Б. Назар

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Мұнайлы ауданы бойынша
      салық басқармасы" бастығы
      А.Тумышева
      08 мамыр 2009 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Мұнайлы аудандық жер
      қатынастары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі
      бастығының м.а.
      С. Тұрмағамбетов.
      08 мамыр 2009 жыл.

  Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 8 мамырдағы
№ 15/164 шешіміне 2 қосымша

      Ескерту: 1 қосымшаны қағаз нұсқасынан қараңыз.

  Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 8 мамырдағы
№ 15/164 шешіміне 2 қосымша

      Ескерту. тақырыбында "селолық" деген сөз "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын- Мұнайлы аудандық мәслихатының 24.11.2014 № 27/278(жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Атамекен ауылдық округі жерлері аймақтарының сипаттамасы және салық салу мақсатындағы жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттері

Аймақтар №№
Аймаққа енетін аумақтар
Салық салу коэффициенттер
1
Өнеркәсіптік аймақ
1,5
2
Қоғамдық - іскерлік және тұрғын аймақ.
1,5
3
Резервтегі аймақ (өнеркәсіптік аймақтың болжамды дамуы)
1,4

      Аймақтардың сипаты
      1-ші аймақ - Өнеркәсіптік аймақ
      2-ші аймақ - Қоғамдық- іскерлік аймақ, екі қабатты және жеке тұрғын үй құрылысы салынған орталық бөлігі енеді. Бұл жердегі негізгі әкімшілік ғимараттар, емхана, ұсақ дүкендер желісі, базар, мейрамхана, сөйлесу пункті шоғырланған.
      3-ші аймақ - Резервтегі аймақ. (өнеркәсіптік аймақтың болжамды дамуы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады