Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Мұнайлы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Назар |
Мұнайлы аудандық мәслихатының | |
2016 жылғы 11 шілдедегі | |
№3/38 шешіміне қосымша |
Мұнайлы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 8 мамырдағы №15/159 "Басқұдық ауылдық округі бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-43 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 маусымдағы №24(80) "Мұнайлы" газетінде жарияланған) шешімі.2. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 8 мамырдағы №15/160 "Басқұдық ауылдық округін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-44 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 маусымдағы №24(80) "Мұнайлы" газетінде жарияланған) шешімі.
3. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 8 мамырдағы №15/161 "Маңғыстау ауылы бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-45 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 маусымдағы №24(80) "Мұнайлы" газетінде жарияланған) шешімі.
4. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 8 мамырдағы №15/162 "Маңғыстау ауылы бойынша салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-46 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 маусымдағы №24(80) "Мұнайлы" газетінде жарияланған) шешімі.
5. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 8 мамырдағы №15/163 "Атамекен ауылдық округі бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-47 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 маусымдағы №24(80) "Мұнайлы" газетінде жарияланған) шешімі.
6. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 8 мамырдағы №15/164 "Атамекен ауылдық округін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-48 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 маусымдағы №24(80) "Мұнайлы" газетінде жарияланған) шешімі.
7. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 8 мамырдағы №15/168 "Бильярд ойындары жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-41 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 маусымдағы №23(79) "Мұнайлы" газетінде жарияланған) шешімі.