Қызылтөбе селолық округін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы

Күшін жойған

Мұнайлы ауданы мәслихатының 2009 жылғы 8 мамырдағы № 15/166 шешімі. Мұнайлы ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 маусымда № 11-7-50 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 30/310 шешімімен.

      Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 30/310 шешімімен.

             Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 811 баптарына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-ІV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қызылтөбе селолық округін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері № № 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                                Н. Кенджикараев
      Аудандық мәслихат хатшысы                      Б. Назар

«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы ауданы бойынша
салық басқармасы» бастығы
А.Тумышева
«____»___________2009 жыл

«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық жер
қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
бастығының м.а.
С. Тұрмағамбетов.
«____»______________ 2009 жыл.

      Аудандық мәслихаттың
      2009 жылғы 8 мамырдағы
      № 15/166 шешіміне 1 қосымша

      Ескерту: 1 қосымша қағаз нұсқада.

      Аудандық мәслихаттың
      2009 жылғы 8 мамырдағы
      № 15/166 шешіміне 2 қосымша

Қызылтөбе селолық округі жерлері аймақтарының сипаттамасы және салық салу мақсатындағы жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттері

Аймақтар № № Аймаққа енетін аумақтар Салық салу коэффициенттер

1
 

Селибеттік аймақ (Ескі Қызылтөбе және Қызылтөбе-2)

1,5

2

Өндірістік аймақ

1,5

3

Селибеттік аймақ (жаңа құрылыс)

1,4

4

Босалқы аймақ

1,0

Аймақтардың сипаты

1-ші аймақселибеттік, бұл жерде жеке құрылыстар, соның ішінде негізгі әкімшілік ғимараттар, жалпы білім беретін мектептер, мәдениет үйі, байланыс үйі, кітапхана, емхана, мешіт, ұсақ дүкендер желісі, кафелер, мейрамханалар шоғырланған. Тұрғын массивтеріне газ, электр жүйесі жүргізілген, телефон байланысы бар.

2-ші аймақ - өнеркәсіптік жерлері енетін, өндірістік жерлер.

3-ші аймақселибеттік, тұрғын массивтер кіретін, жеке тұрғын құрылыстарының жерлері.

4-ші аймақ - босалқы аумақ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады