Мұнайлы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 11 қазандағы № 2/25 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 19 қазандағы № 19/205 шешімі. Мұнайлы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 қарашада № 11-7-62 тіркелді. Күші жойылды - Мұнайлы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 маусымдағы № 4/39 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Мұнайлы аудандық мәслихатының 2012.06.18 № 4/39 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Мұнайлы аудандық мәслихаттың «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» 2007 жылғы 11 қазандағы № 2/25 (нормативтік құқықтық кесім мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2007 жылғы 19 қарашада № 1985 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2007 жылғы 29 қарашадағы № 198-199 (7212) санында жарияланған; толықтырулар енгізілген «Мұнайлы аудандық мәслихатының «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» 2007 жылғы 11 қазандағы № 2/25 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 20 ақпандағы № 4/52 (нормативтік құқықтық кесім мемлекттік тіркеудің тізілімінде 2008 жылғы 20 наурызда № 2006 болып тіркелген, «Мұнайлы» газетінде 2008 жылғы 28 наурыздағы № 12 (15) санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Көрсетілген шешіммен бекітілген 1 - ші қосымшадағы кестенің 3 - ші реттік нөмірінің 1 - ші бағанындағы «Қазақстан Республикасы Күніне» деген сөйлем алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                              Р. Отегулова

      Аудандық мәслихат хатшысы                    Б. Назар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады