2009 жылы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мүліктік жалға алуға (жалға беруге) немесе кейiннен меншiкке өтеусіз беру құқығымен сенiмгерлік басқаруға беруге жататын Қостанай облысы бойынша коммуналдық мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектiлерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 25 қаулысы. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2009 жылғы 18 ақпанда № 3669 тіркелді. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 08-08/3045 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 2010.11.10 № 08-08/3045 хатымен.
      "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектiлерiн кейiннен меншiкке өтеусіз беру құқығымен мүліктік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенiмгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі № 327 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған тендер негізінде 2009 жылы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мүліктік жалға алуға (жалға беруге) немесе кейiннен меншікке өтеусіз беру құқығымен сенiмгерлік басқаруға беруге жататын Қостанай облысы бойынша коммуналдық мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектiлерiнің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімі                                      С. Кулагин

Әкімдіктің                
2009 жылғы 16 қаңтардағы  
№ 25 қаулысымен бекітілген


2009 жылы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
кейiннен меншiкке өтеусіз беру құқығымен мүліктік
жалға алуға (жалға беруге) немесе сенiмгерлік басқаруға
беруге жататын Қостанай облысы бойынша коммуналдық мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектiлерінің
тізбесі    

Р/с №

Объектінің атауы

Объектінің мекенжайы
және баланс ұстаушысы

1

2

3

1.

Жалпы ауданы 1056,2  шаршы метр бұрынғы тұрмыстық комбинаты үш қабатты ғимараты

Аманкелді ауданы, Аманкелді селосы, Байтұрсынов көшесі, 39, "Аманкелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

2.

Жалпы ауданы 529 шаршы метр бұрынғы көкөніс сақтау қоймасының ғимараты

Жанкелдин ауданы, Торғай селосы, Тынымов көшесі, 27, "Жанкелдин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

3.

Жалпы ауданы 162,4 шаршы метр дәмхана ғимараты

Жанкелдин ауданы, Албарбогет ауылдық округі, Көкалат селосы, "Жанкелдин ауданының Албарбогет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

4.

Жалпы ауданы 210 шаршы метр газ алмасу пунктінің бұрынғы әкімшілік ғимараты

Жанкелдин ауданы, Торғай селосы, Сейітқұл көшесі, 17, "Жанкелдин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

5.

Жалпы ауданы 273,4 шаршы метр қазандық ғимараты

Денисов ауданы, Денисов селосы, бұрынғы "Сельхозтехника" акционерлік қоғамының аумағы, "Денисов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

6.

Жалпы ауданы 246,4  шаршы метр қазандық ғимараты

Денисов ауданы, Денисов селосы, бұрынғы "Сельхозтехника" акционерлік қоғамының аумағы, "Денисов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

7.

Жалпы ауданы 246,65  шаршы метр асхана ғимараты

Қарабалық ауданы, Смирновка селосы, "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

8.

Жалпы ауданы 580,9 шаршы метр бұрынғы бала бақша ғимараты

Сарыкөл ауданы, Златоуст селосы, "Сарыкөл ауданының Златоуст селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

9.

Жалпы ауданы 196,4 шаршы метр жемшөп қоймасы ғимараты

Сарыкөл ауданы, Златоуст селосы, "Сарыкөл ауданының Златоуст селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

10.

Ауданы 167,7 шаршы метр сауда орталығы үй-жайының бөлігі

Таран ауданы, Қайындыкөл селосы, "Таран ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

11.

Жалпы ауданы 218,9 шаршы метр гараж ғимараты

Қостанай қаласы, Введенская көшесі, 39, "Қостанай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

12.

Жалпы ауданы 428,6 шаршы метр шеберхана ғимараты

Қостанай қаласы, Введенская көшесі, 39, "Қостанай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

      Кестесің жалғасы

Негізі

Объектінің ахуалы

4

5

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 01-17/40 хаты

Күрделі жөндеуді талап етеді

Қостанай облысы Жанкелдин ауданы әкімінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 1-04/39 хаты

Ағымдагы жөндеуді талап етеді

Қостанай облысы Жанкелдин ауданы әкімінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 1-04/39 хаты

Ағымдагы жөндеуді талап етеді

Қостанай облысы Жанкелдин ауданы әкімінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 1-04/39 хаты

Күрделі жөндеуді талап етеді

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 53 хаты

Қирауға үшырауда

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 53 хаты

Қирауға үшырауда

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 01-09/57 хаты

Ағымдагы жөндеуді талап етеді

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 03-06/52 хаты

Қирауға үшырауда

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 03-06/52 хаты

Жағдайы қанағаттанарлық

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 4-08/57 хаты

Жағдайы қанағаттанарлық

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы № 1-25/85 хаты

Жағдайы қанағаттанарлық

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы № 1-25/85 хаты

Жағдайы қанағаттанарлық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады