Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 03.08.2022 № 344 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 03.11.2017 № 556 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Мәтін бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 30.04.2014 № 182 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2017 № 332 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 03.11.2017 № 556 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Қостанай қаласы, Қостанай, Денисов және Қарабалық аудандарының аумағындағы объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 03.11.2017 № 556 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С. Кулагин |
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Қостанай
облысы бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесінің директоры
___________________ Г. Естекбаев
"Қазақстан Республикасы жер
ресурстарын басқару агенттігінің
Қостанай және Солтүстік Қазақстан
облыстары бойынша өңіраралық жер
инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
________________________ М. Дихаев
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
Су ресурстары комитеті Су
ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекция" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
___________________ Г. Оспанбекова
"Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министірлігі
Экологиялық реттеу және бақылау
комитетінің Тобыл-Торғай экология
департаменті" мемлекеттік мекемесі
Қостанай филиалының бастығы
______________________ А. Кәрімов
Әкімдіктің | |
2009 жылғы 23 маусымдағы | |
№ 233 қаулысына 1-қосымша |
Объектілердің құрылысына арналған телімдерде Тобыл өзенінің, Амангелді су бөгенінің және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 03.11.2017 № 556 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 26.07.2021 № 339 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Р/с№ | Су объектісі, оның учаскесі | Су қорғау аймағы | Су қорғау белдеуі | Орташа көп жылдық судың сабалық кемері | ||||
шекараның қашықтығы, ұзындығы (метр) | шекараның қашықтығы, алаңы (гектар) | шекараның қашықтығы, ені (метр) | шекараның қашықтығы, ұзындығы (метр) | алаңы (гектар) | Ені (метр) | |||
1. | Тобыл өзені, Қостанай қаласы, Пионерская көшесі, 57 мекенжайы бойынша орналасқан бұрынғы балалар теміржол ғимаратын жылдам қызмет көрсететін асханаға реконструкциялауға бөлінген жер учаскесі шегінде | 40 | 2,64 | 660 | 40 | 1,484 | 100 | 126,20 |
2. | Тобыл өзені, Қостанай қаласы, Гашек көшесі мекенжайы бойынша орналасқан шаңғы және су туризміне арналған демалыс базасы | 100 | 1,48 | 145-160 | 100 | 0,8 | 80 | 127,40 |
3. | Тобыл өзені, Қостанай қаласы, Амангелді тұрғын үй алабы, Энергетиктер көшесі мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй | 40 | 1,12 | 250-310 | 40 | 0,080 | 20 | 128,69 |
4. | Тобыл өзені, Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округі аумағында орналасқан демалыс базасының жер учаскесі шегіндегі техногендік су қоймасы | 150 | 15,0 | 1000 | 150 | 0,3 | 20 | 126,95 |
5. | Тобыл өзені, Қостанай қаласы аумағында орналасқан "Ақ-Шаңырақ" демалыс аймағы | 275 | 27,5 | 1000 | 275 | 0,5 | 20 | 125,75 |
6. | Тобыл өзені, Қостанай қаласы, Речная көшесі мекенжайы бойынша орналасқан үй-жай түріндегі тұрғын үйлер тобы | 225 | 6,69 | 250 - 330 | 225 | 2,25 | 100 | 127,77 |
7. | Тобыл өзені, Денисов ауданының Глебовка ауылы аумағында орналасқан цемент зауыты құрылысына арналған учаскеде және Шекібай цемент шикізаты кен орнының Шекібай учаскесінің әктасын өндіруге арналған карьер құрылысы |
№ 1-4750 учаскесі |
475,0 |
1000 |
4750 |
47,5 |
100 |
209,23 |
8. | Тобыл өзені, Қостанай қаласы, 4- шағын аудан мекенжайы бойынша орналасқан жеке тұрғын үй құрылысына арналған № 316, № 319 учаскелері | 68 | 3,0 | 401,4 - 480,0 | 68 | 0,68 | 100 | 121,8 |
9. | Тобыл өзені Қостанай қаласы, Мичурин көшесі, 88/4 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй | 23,7 | 0,78 | 324,0-335,1 | 23,7 | 0,237 | 100 | 123,26 |
10. | Тобыл өзені Қостанай қаласы, Гашек көшесі мекенжайы бойынша орналасқан шаңғы және су туризіміне арңалған демалыс базасы | 80 | 3,84 | 460 - 500 | 80 | 0,8 | 100 | 126,47 |
11. | Тобыл өзені Қостанай қаласы, Амангелді тұрғын үй алабы, Энергетиктер көшесі 6 және 7 мекенжайы бойынша орналасқан екі тұрғын үй | 70,8 | 4,26 | 601,4 | 70,8 | 0,71 | 100 | 128,69 |
12. | Тобыл өзені Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі аумағында орналасқан "ФЛУЕРАШ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиісілі жер учаскесі | 1580 | 108,3 | 50 – 1000 | 1470 | 15,5 | 100 | 126,6 |
13. | Тобыл өзені Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округі аумағында орналасқан "Даулет" шаруа қожалығына тиісілі жер учаскесі | 1470 | 147,0 | 1000 | 1470 | 14,7 | 100 | 125,75 |
14. | Амангелді су қоймасы Қостанай қаласы, Амангелді тұрғын үй алабы, Рудненский көшесі мекенжайы бойынша орналасқан өндірістік және әкімшілік-шаруашылық ғимараттарды қайта жаңғыртуға бөлінген жер учаскесі шегінде | 160 | 13,13 | 825-945 | 160 | 1,6 | 100 | 131,5 |
15. | Амангелді су қоймасы Қостанай қаласы, Амангелді тұрғын үй алабы, Мир көшесі мекенжайы бойынша орналасқан жеке тұрғын үй құрылысына арналған № 1 учаске | 30 | 2,5 | 832 | 30 | 0,30 | 100 | 131,5 |
16. | Тоғұзақ өзені Қарабалық ауданы Надеждинка ауылы аумағында орналасқан құрылыс тасы кен орнын әзірлеу | 435 | 35,1 | 807,5 | 435 | 4,35 | 100 | 156,0 |
17. | Тобыл өзені Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі аумағында орналасқан "С. М. Ельчищев" шаруа қожалағы мен "Лагуна" спорттық-туристік базасы жер учаскесі шегінде | 365 | 18,25 | 500 | 365 | 2,88 | 34-90 | 127,77 |
Әкімдіктің | |
2009 жылғы 23 маусымдағы | |
№ 233 қаулысына 2-қосымша |
Қостанай қаласы, Қостанай, Денисов және Қарабалық аудандарының аумағындағы объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 03.11.2017 № 556 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2017 № 332 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 26.07.2021 № 339 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 26.07.2021 № 339 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).