Әкімдіктің 2009 жылғы 23 маусымдағы № 233 "Объектілердің құрылысына арналған телімдерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 3 қарашадағы № 556 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қарашада № 7343 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 03.08.2022 № 344 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 23 маусымдағы № 233 "Объектілердің құрылысына арналған телімдерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3684 болып тіркелген, 2009 жылғы 21 шілдеде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қаулының мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы", орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;

      мемлекеттік тілдегі 1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Қостанай қаласы, Қостанай, Денисов және Қарабалық аудандарының аумағындағы объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.", орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:

      мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қостанай қаласы, Қостанай, Денисов және Қарабалық аудандарының аумағындағы объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары", орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
облысының әкімі
А. Мұхамбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі Су

      ресурстары комитетінің Су

      ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі

      Тобыл-Торғай бассейндік

      инспекциясы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________ Г. Оспанбекова

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      комитетінің Қостанай облысы

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      департаменті" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________ О. Бекмағамбетов

  Әкімдіктің
2017 жылғы 3 қарашадағы
№ 556 қаулысына қосымша
  Әкімдіктің
2009 жылғы 23 маусымдағы
№ 233 қаулысына 1-қосымша

Объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу

Р/с№

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Орташа көп жылдық судың сабалық кемері

шекараның қашықтығы, ұзындығы (метр)

шекараның қашықтығы, алаңы (гектар)

шекараның қашықтығы, ені (метр)

шекараның қашықтығы, ұзындығы (метр)

алаңы (гектар)

Ені (метр)

1.

Тобыл өзені, Қостанай қаласы, Пионерская көшесі, 57 мекенжайы бойынша орналасқан бұрынғы балалар теміржол ғимаратын жылдам қызмет көрсететін асханаға реконструкциялауға бөлінген жер учаскесі шегінде

40

2,64

660

40

1,484

100

126,20

2.

Тобыл өзені, Қостанай қаласы, Гашек көшесі мекенжайы бойынша орналасқан шаңғы және су туризміне арналған демалыс базасы

100

1,48

145-160

100

0,8

80

127,40

3.

Тобыл өзені, Қостанай қаласы, Амангелді тұрғын үй алабы, Энергетиктер көшесі мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй

40

1,12

250-310

40

0,080

20

128,69

4.

Тобыл өзені, Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округі аумағында орналасқан демалыс базасының жер учаскесі шегіндегі техногендік су қоймасы

150

15,0

1000

150

0,3

20

126,95

5.

Тобыл өзені, Қостанай қаласы аумағында орналасқан "Ақ-Шаңырақ" демалыс аймағы

275

27,5

1000

275

0,5

20

125,75

6.

Тобыл өзені, Қостанай қаласы, Речная көшесі мекенжайы бойынша орналасқан үй-жай түріндегі тұрғын үйлер тобы

225

6,69

250 - 330

225

2,25

100

127,77

7.

Тобыл өзені, Денисов ауданының Тобыл ауылдық округі аумағында орналасқан цемент зауты құрылысына арналған учаскеде және Шекібай цемент шикізаты кен орнының Шекібай учаскесінде әктасты өндіруге арналған карьер құрылысы

№ 1-4750 учаскесі
№ 2-600 учаскесі

475,0
60

1000
1000

4750
600

47,5
6,0

100
100

209,23
209,23

8.

Тобыл өзені, Қостанай қаласы, 4- шағын аудан мекенжайы бойынша орналасқан жеке тұрғын үй құрылысына арналған № 316, № 319 учаскелері

68

3,0

401,4 - 480,0

68

0,68

100

121,8

9.

Тобыл өзені Қостанай қаласы, Мичурин көшесі, 88/4 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй

23,7

0,78

324,0-335,1

23,7

0,237

100

123,26

10.

Тобыл өзені Қостанай қаласы, Гашек көшесі мекенжайы бойынша орналасқан шаңғы және су туризіміне арңалған демалыс базасы

80

3,84

460 - 500

80

0,8

100

126,47

11.

Тобыл өзені Қостанай қаласы, Амангелді тұрғын үй алабы, Энергетиктер көшесі 6 және 7 мекенжайы бойынша орналасқан екі тұрғын үй

70,8

4,26

601,4

70,8

0,71

100

128,69

12.

Тобыл өзені Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі аумағында орналасқан "ФЛУЕРАШ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиісілі жер учаскесі

1580

108,3

50 – 1000

1470

15,5

100

126,6

13.

Тобыл өзені Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округі аумағында орналасқан "Даулет" шаруа қожалығына тиісілі жер учаскесі

1470

147,0

1000

1470

14,7

100

125,75

14.

Амангелді су қоймасы Қостанай қаласы, Амангелді тұрғын үй алабы, Рудненский көшесі мекенжайы бойынша орналасқан өндірістік және әкімшілік-шаруашылық ғимараттарды қайта жаңғыртуға бөлінген жер учаскесі шегінде

160

13,13

825-945

160

1,6

100

131,5

15.

Амангелді су қоймасы Қостанай қаласы, Амангелді тұрғын үй алабы, Мир көшесі мекенжайы бойынша орналасқан жеке тұрғын үй құрылысына арналған № 1 учаске

30

2,5

832

30

0,30

100

131,5

16.

Тоғұзақ өзені Қарабалық ауданы Надеждинка ауылы аумағында орналасқан құрылыс тасы кен орнын әзірлеу

435

35,1

807,5

435

4,35

100

156,0

17.

Тобыл өзені Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі аумағында орналасқан "С. М. Ельчищев" шаруа қожалағы мен "Лагуна" спорттық-туристік базасы жер учаскесі шегінде

365

18,25

500

365

2,88

34-90

127,77


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады