Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2010.04.05 № 494 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 242-бабы 1-тармағы 3)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8-баптарына, "Қазақстан Республикасының наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1)-тармақшасына, "Қостанай қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 26 (2008 жылғы 25 желтоқсандағы тіркеу нөмірі 9-1-114, 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 102 "Қостанай" газеті) шешіміне сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер" және "Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламаларын іске асыру мақсатында, жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер түрлері бекітілсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық мұқтаждыққа тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің отыз пайыз көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
2) үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек-балаларға оқу жылы мерзіміне тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз есе көлемінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек;
3) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің тоғыз есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек:
мүгедек балаларға және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің қорытындысы бойынша арнайы сыныптарда немесе арнайы білім ұйымдарында оқитын балаларға қосымша әдебиет сатып алуға, даму және қоғамға бейімделу үшін;
қант диабетімен ауыратын, он сегіз жасқа дейінгі балаларға тамақтану үшін;
4) қала көлігімен жүруге Қазақстан Республикасының және Қазақ Социалистік Кеңес Республикасының құрметті атақтарына ие болған зейнеткерлік жастағы тұлғаларға, Қазақстан Республикасының алдында ерекше сіңірген еңбегі үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын зейнеткерлерге, зейнеткерлік жастағы тұлғаларға, "Қостанай қаласының құрметті азаматы" атағына ие болған адамдарға және жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша бұрын ерекше сіңірген еңбегі үшін зейнетақыға қоса дербес үстеме алған зейнеткерлерге, "Қостанай қаласының құрметті азаматы" атағына ие болған адамдарға және жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша бұрын дербес зейнетақы алған зейнеткерлерге тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 60 пайызы көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
5) Қостанай қаласында тұратын "Қостанай қаласының құрметті азаматы" атағына ие болған адамдарға тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма сегіз есе көлемінде жыл сайынғы біржолғы әлеуметтік көмек;
6) Қазақстан Республикасының және Қазақ Социалистік Кеңес Республикасының құрметті атақтарына ие болған зейнеткерлік жастағы тұлғаларға, Қазақстан Республикасының алдында ерекше сіңірген еңбегі үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын зейнеткерлерге және жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша бұрын дербес зейнетақы алған зейнеткерлерге тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма сегіз есе көлемінде жыл сайынғы біржолғы әлеуметтік көмек;
7) амбулаторлық емделу кезінде қосымша тамақтануға туберкулезбен ауыратын азаматтарға тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде жыл сайынғы біржолғы әлеуметтік көмек;
8) оқу ақысы көлемінде әлеуметтік көмек алуға үміткерлерді іріктеу өткізу бойынша комиссия шешімінің негізінде жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында оқуға төлеу үшін оқу құны көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
9) аз қамтылған отбасы балаларын, мүгедек-балаларды сауықтыру үшін жолдаманың құны көлемінде әлеуметтік көмек;
10) аз қамтылған отбасы балаларын мектепке дайындау үшін бір балаға тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
11) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды және жұмыссыз азаматтарды жерлеу үшін тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма есе көлемінде әлеуметтік көмек;
12) Кеңес Одағының Батыры, Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, Үш дәрежелі Даңқ, "Алтын Қыран", "Отан", "Даңқ" ордендерімен марапатталған, "Халық қаһарманы" атағына ие болған, Қазақстан Республикасының және Қазақ Социалистік Кеңес Республикасының, Қостанай қаласының құрметті азаматы деген атақтарына ие болған қайтыс болған азаматтарды жерлеу үшін (бұдан әрі - марапатталған қайтыс болған адамдарды жерлеу үшін әлеуметтік көмек) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің отыз есе көлемінде әлеуметтік көмек;
13) айына орташа жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұрмысы жағынан аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) біржолғы әлеуметтік көмек;
тиісті құжаттармен расталған табысқа қарамастан төлеу негізінде (емделу, қаралу) шұғыл әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек.
Әр нақты жағдайда біржолғы әлеуметтік көмек мөлшері атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссиямен (бұдан әрі – комиссия) белгіленеді, бірақ тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген елу есе айлық есептік көрсеткіштен аспау керек;
14) комиссияның шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік, есте қаларлық және айрықша мәнді күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек. Әр нақты күнге азаматтардың санаттары және біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері комиссиямен белгіленеді, бірақ тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген бес есе айлық есептік көрсеткіштен аспау керек;
15) айына орташа жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, жергілікті жылытатын жеке тұрғын үйлерде тұратын отбасыларға, сондай-ақ айына орташа жан басына шаққандағы табысы он бес есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жалғыз ілікті тұратын азаматтарға;
Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, мәртебелері "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 6, 8-баптарымен белгіленген соларға теңестірілген адамдарға қатты отын сатып алу үшін, табысқа қарамастан, тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он бес есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.
3. Мыналар белгіленсін:
1) әлеуметтік көмек тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешімді атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қалалық комиссия қабылдайды;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне арыз берген айдан бастап тұрмыстық мұқтаждыққа ай сайынғы әлеуметтік көмек тағайындалады және өтініш беруші қайтыс болғанға немесе оның Қостанай қаласының аумағынан тыс жерге кеткеніне байланысты тоқтатылады. Төлемдер көрсетілген жағдайлар орын алған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;
3) үйде оқып, тәрбиеленетін мүгедек-балаларға арыз берген айдан бастап психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің қорытындысы негізінде әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалады және төленеді. Мүгедек-балалардың интернат-үйлерінде немесе санаторлық мектептерінде тұрған мерзіміне әлеуметтік көмек төлеу жүргізілмейді;
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы бойынша балаларға және арнайы білім ұйымдарында оқитын мүгедек-балаларға арыз берген сәтінен бастап күнтізбелік жылда бір рет біржолғы әлеуметтік көмек тағайындалады.
Қант диабетімен ауыратын балаларға құжаттарды тапсырған сәтінен бастап күнтізбелік жылға әлеуметтік көмек тағайындалады;
5) қалалық қоғамдық көлігімен тегін жүру құны бар тұлғаларға қалалық қоғамдық көлігімен жүруге ай сайынғы әлеуметтік көмек төленбейді;
6) осы қаулының 1-тармағы 5)- және 6)-тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша біржолғы жыл сайынғы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамдарға, әлеуметтік көмек тек қана бір негіз бойынша олардың таңдауы бойынша төленеді;
7) жоғары оқу орындарында және орта кәсіптік оқу орындарында оқуға төлеу үшін оқу ақысы мөлшері жөнінде оқу орнының анықтамасы негізінде жылына 2 рет біржолғы әлеуметтік көмек төленеді;
8) кедейлік шегінен төмен табысы бар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын отбасыларға, мектеп демалысы уақытында аз қамтылған отбасы балаларын сауықтыру үшін әлеуметтік көмек;
9) кедейлік шегінен төмен табысы бар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын отбасыларға, әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау және төлеу секторының қолдаухаты бойынша аз қамтылған отбасы балаларын мектепке дайындау үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі;
10) кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін еңбекке жарамды әкесі (ұл (қыз) асырап алушысы) баланың қайтыс болған күніне жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген және өтініш, адам қайтыс болған уақыттан алты айға дейін жасалған жағдайда, баланың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкіліне әлеуметтік көмек тағайындалады;
11) қайтыс болған кезде жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындалады;
12) қайтыс болған жұмыссыздарды және марапатталған адамдарды жерлеуге, егер өтініш, адам қайтыс болған уақыттан алты айға дейін жасалса, қайтқан адамның отбасы мүшелеріне немесе өзге жерлеуші адамдарға әлеуметтік көмек төленеді;
13) аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) отбасының материалдық жағдайын тексергеннен кейін біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Өтініш беруші табысы жөніндегі мәліметтерді өз бетінше тапсырады және олардың дұрыстығына жауап береді. Заңды тұлғалар жеке тұлғалардың мүддесінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде қолдау хатпен өтініш жасауға құқылы;
14) азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік, есте қаларлық және айрықша мәнді күндеріне уәкілетті органның, сондай-ақ ардагерлер ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктердің деректер қоры негізінде біржолғы әлеуметтік көмек тағайындалады;
15) әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес тиісті банктік операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейлі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының есеп шотына ақшалай қаражат аударумен жүзеге асырылады.
4. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қоса беріліп отырған қажет құжаттардың тізімдемесі бекітілсін.
5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
6. Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 03 қаңтардағы № 1 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" (2008 жылғы 23 қаңтардағы тіркеу нөмірі 9-1-95, 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 8 "Қостанай" газеті) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
7. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8. Қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
Қала әкімінің Б. Жақыпов
міндетін атқарушы
Қостанай қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 22 қаңтардағы
№ 101 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік көмек
тағайындау үшін құжаттар тізімдемесі
1. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін міндетті құжаттар:
әлеуметтік көмекке өтініш еткен адамның арызы;
өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
мекен-жайын растайтын құжаттың көшірмесі;
кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын өтініш беруші үшін – көрсетілген мәртебесі барын растайтын құжаттың көшірмесі;
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына тұрмыстық мұқтаждыққа:
Ұлы Отан соғысының мүгедегі және қатысушысы куәлігінің көшірмесі;
2) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек-балаларға тоқсан сайынғы әлеуметтік көмекке:
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
мүгедектікті белгілеу туралы медициналық-әлеуметтік сараптау комиссия анықтамасының көшірмесі;
психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесімен берілген, үйде оқыту қажеттігі туралы анықтамасы;
оқу орнымен берілген, үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасы (тоқсан сайын тапсырылады);
3) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің қорытындысы бойынша балаларға және арнаулы білім ұйымдарында оқитын, мүгедек балаларға, сондай-ақ қант диабетімен ауыратын балаларға біржолғы әлеуметтік көмекке:
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
баланы мүгедек деп тану туралы медициналық-әлеуметтік сараптау комиссия анықтамасының көшірмесі (мүгедек-балалар үшін);
арнаулы білім ұйымдарында және сыныптарында баланы оқыту қажеттігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
оқу орнын растайтын құжат;
ауруы бар туралы емдеу мекемесімен берілген анықтама (қант диабетімен ауыратын балалар үшін);
4) қала көлігімен жүруге ай сайынғы әлеуметтік көмек және біржолғы жыл сайынғы әлеуметтік көмекке:
Қазақстан Республикасының және Қазақ Социалистік Кеңес Республикасының құрметті атақтарына ие болған тұлғалар үшін:
құрметті атаққа ие болғандығын растайтын құжаттың көшірмесі;
Қазақстан Республикасының алдында ерекше сіңірген еңбегіне арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғалар үшін:
Қазақстан Республикасының алдында ерекше сіңірген еңбегіне арнайы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;
"Қостанай қаласының құрметті азаматы" атағына ие болған адамдар үшін:
атақ берілгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша бұрын дербес зейнетақы алған тұлғалар үшін:
жергілікті маңызды дербес зейнетақы тағайындау туралы шешімнің көшірмесі;
5) "Қостанай қаласының құрметті азаматы" атағына ие болған адамдарға біржолғы әлеуметтік көмекке:
атақ берілгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) туберкулезбен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануға:
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (кәмелетке толмаған балалар үшін);
аурудың амбулаторлық емделіп жатқанын растайтын емделу мекемесінен анықтама;
7) оқуға төлеу үшін біржолғы әлеуметтік көмекке:
оқу орнын, оқу жылына және семестрлер бойынша оқуға төлеу мөлшерін растайтын құжат;
8) аз қамтылған отбасы балаларын сауықтыру үшін біржолғы әлеуметтік көмекке:
уәкілетті органның атаулы әлеуметтік көмек алушылардың тізімдері;
9) аз қамтылған отбасы балаларын мектепке дайындау үшін біржолғы әлеуметтік көмекке:
уәкілетті органның, табыстары кедейлік шегінен аспайтын атаулы әлеуметтік көмек алушылардың тізімдері;
10) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге:
қайтыс болу туралы куәліктің немесе қайтыс болу туралы анықтаманың көшірмесі;
баланың туу туралы актілік жазбасынан алынған үзіндісі;
әкесінің (ұл асырап алушысының, қыз асырап алушысының) жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органынан анықтама;
11) қайтыс болған марапатталған адамдарды жерлеуге:
қайтыс болу туралы куәліктің немесе қайтыс болу туралы анықтаманың көшірмесі;
наградаға куәліктің көшірмесі немесе атақ беру туралы куәліктің көшірмесі.
Егер жерлеу қайтқанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылған болса, өтініш беруші туыстық қатынастарын растайтын құжаттың көшірмесін тапсырады.
Егер жерлеу қайтқанның отбасы мүшелерімен жерленбеген болса, өтініш беруші жерлеу жасау қызметінен жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын құжаттың көшірмесін тапсырады.
12) қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек алуға:
өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтар табысын, өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға табыстары туралы мәліметтерді жазбаша түрде тапсырады;
осы санаттағы азаматтар үшін Ұлы Отан соғысының мүгедегі, қатысушысы немесе Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне немесе қатысушыларына теңестірілген тұлғасы куәлігінің көшірмесі.
2. Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері тапсырылады. Салыстырғаннан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады, ал құжаттардың көшірмелері куәландырылады және іс түзеледі.