"Қостанай қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 253 шешімін іске асыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 494 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 сәуірде № 9-1-145 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 570 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2011.04.11 № 570 (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 111-бабына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 11-тармақшасына, "Қостанай қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 253 шешіміне (тіркеу нөмірі 9-1-137) сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер түрлері белгіленсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне тұрмыстық мұқтаждыққа айлық есептік көрсеткіштің отыз пайызы көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне арыз берген айдан бастап тұрмыстық мұқтаждыққа ай сайынғы әлеуметтік көмек тағайындалады және өтініш беруші қайтыс болғанға немесе оның Қостанай қаласының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты тоқтатылады. Төлемдер көрсетілген жағдайлар орын алған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;
      2) емдеудің қолдау көрсету сатысында туберкулездың жұқпалы түрімен ауыратын науқастарға қосымша тамақтануға айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      3) халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктеріне жататын және жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқитын жастарға тиісті бюджетпен көзделген қаражат шеңберінде, жыл сайын оқу ақысы көлемінде техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім алуға байланысты шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек;
      4) аз қамтылған отбасы балаларын, жетім-балаларды, қамқорлық пен қорғаншылықтағы балаларды жазғы демалыс лагерьлерінде сауықтыру үшін жолдаманың құны көлемінде әлеуметтік көмек;
      5) аз қамтылған отбасы балаларын, жетім-балаларды, қамқорлық пен қорғаншылықтағы балаларды мектепке дайындау үшін бір балаға айлық есептік көрсеткіштің бес есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      6) қайтыс болған кәмелетке толмаған аз қамтылған отбасы балаларын жерлеу үшін айлық есептік көрсеткіштің жиырма есе көлемінде әлеуметтік көмек.
      Қайтыс болған кәмелетке толмаған аз қамтылған отбасы балаларын жерлеу үшін баланың қайтыс болған күніне жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген баланың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкіліне әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;
      7) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін айлық есептік көрсеткіштің жиырма есе көлемінде әлеуметтік көмек.
      Әлеуметтік көмек қайтыс болған кезде жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуін жүзеге асырушы тұлғаға немесе отбасы мүшелеріне тағайындалады және төленеді;
      8) айына ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен орташа жан басына шаққандағы табысы бар халықтың әлеуметтік-қорғалатын жіктеріне біржолғы әлеуметтік көмек. Көмек мөлшері он бес айлық есептік көрсеткішін құрайды;
      9) айына ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен орташа жан басына шаққандағы табысы бар халықтың әлеуметтік-қорғалатын жіктеріне, растайтын құжаттарды бергенде, нақты шығындары көлемінде, бірақ елу айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, медициналық емделу үшін төлеуге және (немесе) медициналық препараттарды сатып алуға біржолғы әлеуметтік көмек;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне айлық есептік көрсеткіштің төрт есе көлемінде ай сайынғы қосымша әлеуметтік көмек;
      11) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 6, 8-баптарына сәйкес, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне теңестірілген адамдарға айлық есептік көрсеткіштің 2,5 есе көлемінде ай сайынғы қосымша әлеуметтік көмек;
      12) автономдық жылытатын жеке тұрғын үйлерде тұратын, айына ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен орташа жан басына шаққандағы табысы бар әлеуметтік-қорғалатын жіктеріне он бес айлық есептік көрсеткіші мөлшернде біржолғы әлеуметтік көмек;
      13) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне 35 мың теңге мөлшерде біржолғы әлеуметтік көмек.
      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.
      3. Әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес тиісті банктік операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейлі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының есеп шотына ақшалай қаражат аударумен жүзеге асырылады.
      4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жасалады.
      5. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттар тізбесі бекітілсін.
      6. "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 101 (2009 жылғы 12 ақпандағы тіркеу нөмірі 9-1-120, 2009 жылғы 17 ақпандағы № 14 "Қостанай" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған әрекеттерге қолданылады
      8. Қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М. Жүндібаевқа жүктелсін.

      Қостанай қаласының әкімі                          Ж. Нұрғалиев

Қостанай қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 5 сәуірдегі № 494
қаулысымен бекітілген   

Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттар
тізбесі

      1. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін міндетті құжаттар:
      әлеуметтік көмекке өтініш еткен адамның арызы;
      өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      мекен-жайын растайтын құжаттың көшірмесі;
      кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын өтініш беруші үшін – көрсетілген мәртебесі барын растайтын құжаттың көшірмесі.
      2. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек тағайындау үшін қосымша құжаттар беріледі:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына тұрмыстық мұқтаждыққа:
      Ұлы Отан соғысының мүгедегі, қатысушысы куәлігінің көшірмесі;
      2) емдеудің қолдау көрсету сатысында туберкулездың жұқпалы түрімен ауыратын науқастарға қосымша тамақтануға:
      аурудың емделіп жатқанын растайтын тиісті медициналық мекемесінен анықтама;
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (кәмелетке толмаған балалар үшін);
      3) халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктеріне жататын және жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқитын жастарға жыл сайын оқуға техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім алуға байланысты шығындарды өтеу үшін:
      халықтың әлеуметтік-қорғалатын жіктеріне жататын мәртебесін растайтын құжат;
      оқу орнын растайтын құжат;
      оқу жылына және семестрлер бойынша оқу ақысының мөлшері;
      4) аз қамтылған отбасы балаларын, жетім-балаларды, қамқорлық пен қорғаншылықтағы балаларды жазғы демалыс лагерьлерінде сауықтыру үшін:
      төлемдер "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау секторының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін алушылардың тізіміне тағайындалады;
      уәкілетті органда есепте тұрмайтын аз қамтылған отбасылар үшін – отбасының табысын растайтын анықтама;
      5) аз қамтылған отбасы балаларын, жетім-балаларды, қамқорлық пен қорғаншылықтағы балаларды мектепке дайындау үшін:
      төлемдер "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау секторының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін алушылардың тізіміне сәйкес тағайындалады;
      уәкілетті органда есепте тұрмайтын аз қамтылған отбасылар үшін – отбасының табысын растайтын анықтама;
      6) қайтыс болған кәмелетке толмаған аз қамтылған отбасы балаларын жерлеуге:
      қайтыс болу туралы куәліктің немесе қайтыс болу туралы анықтаманың көшірмесі, баланың туу туралы актілік жазбасынан алынған үзіндісі;
      ата-анасының біреуінің және өзге заңды өкілдерінің жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органынан анықтама, отбасының табысы туралы анықтама.
      Егер жерлеу қайтқанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылған болса, өтініш беруші туыстық қатынастарын растайтын құжаттың көшірмесін тапсырады.
      Егер жерлеу қайтқанның отбасы мүшелерімен жерленбеген болса, өтініш беруші жерлеу жасау қызметінен жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын құжаттың көшірмесін тапсырады.
      7) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін:
      қайтыс болу туралы куәліктің немесе қайтыс болу туралы анықтаманың көшірмесі;
      қайтыс болған адам жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органынан анықтама.
      Егер жерлеу қайтқанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылған болса, өтініш беруші туыстық қатынастарын растайтын құжаттың көшірмесін тапсырады.
      Егер жерлеу қайтқанның отбасы мүшелерімен жерленбеген болса, өтініш беруші жерлеу жасау қызметінен жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын құжаттың көшірмесін тапсырады.
      8) айына ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен орташа жан басына шаққандағы табысы бар халықтың әлеуметтік-қорғалатын жіктеріне:
      отбасының табысы туралы мәліметтер;
      9) айына ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен орташа жан басына шаққандағы табысы бар халықтың әлеуметтік-қорғалатын жіктеріне медициналық емделу үшін төлеуге және (немесе) медициналық препараттарды сатып алуға:
      медициналық емделу үшін төлеу және (немесе) медициналық препараттарды сатып алу қажеттілігін растайтын құжаттар - медициналық емделу үшін төлеуге және медициналық препараттарды сатып алуға рецепттер, шоттар;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне:
      "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінен алушылардың тізімі;
      11) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 6,8-баптарына сәйкес, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне теңестірілген адамдарға:
      "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінен алушылардың тізімі;
      12) автономдық жылытатын жеке тұрғын үйлерде тұратын халықтың әлеуметтік-қорғалатын жіктеріне:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға табыстары туралы мәліметтер;
      13) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне:
      Ұлы Отан соғысына қатысушысының, мүгедегінің мәртебесін растайтын куәлігі.
      3. Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері тапсырылады. Салыстырғаннан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады, ал құжаттардың көшірмелері куәландырылады және іс түзеледі.   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады