Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 357 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 7 мамырда 9-2-132 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 14 ақпандағы № 182 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 14.02.2012 № 182 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабының, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағының негізінде және қалалық бюджетті орындауда Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек беру (бұдан әрі әлеуметтік көмек) қамтамасыз етілсін.
      2. Мыналар бекітілсін:
      1) Әлеуметтік көмекті "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі өкілетті орган) көрсетеді.
      Әлеуметтік көмек үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) көрсетіледі.
      Әлеуметтік көмекті беру немесе одан бас тарту туралы уәкілетті органның шешімі әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қалалық консультациялық-кеңесші ведомствоаралық комиссиясының ұсынысы негізінде қабылданады.     
      2) Әлеуметтік көмек отбасының табысына қарамастан төленеді.
      3) Әлеуметтік көмек:
      мүгедек бала толық мемлекеттік қамсыздандыруына орналастырылған жағдайда;
      ата-аналар құқығынан айырылған ата-аналарға тағайындалмайды.
      4) Әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірмеде уәкілетті органға беріледі. Уәкілетті органның жұмыскерлері құжаттардың көшірмелерін куәландырады және оларды іске қалыптастырады.
      5) Өтініш беруші өтініште және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.
      6) Өтініш беруші әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгертуге немесе оны төлеуді тоқтатуға негіз болатын себептер туралы уәкілетті органға он бес күн ішінде хабарлауға міндетті.
      7) Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тиісті оқу жылы бойы тағайындалады.
      8) Әлеуметтік көмекті беру немесе одан бас тарту туралы уәкілетті органның шешімі құжаттарды қабылдаған күннен бастап 15 күннің ішінде шығарылады.
      9) Әлеуметтік көмектің ай сайынғы мөлшері тиісті жылға заңнамамен белгіленген алты айлық есептік көрсеткішін құрайды.
      10) Әлеуметтік көмекті төлеу "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің тиісті операцияларға лицензиясы бар ұйымдар арқылы ақшалай түрде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2009.05.25 № 650 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2009.08.24 № 1031 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.
      3. Әкімдіктің "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2005 жылғы 28 қарашадағы № 908 (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 9-2-30, 2006 жылғы 20 қаңтарда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған, әкімдіктің 2006 жылғы 1 маусымдағы № 494 "Әкімдіктің 2005 жылғы 28 қарашадағы № 908 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысымен, Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 9-2-53, 2006 жылғы 12 шілдеде "Рудненский рабочий" газетінде № 56 болып жарияланған, әкімдіктің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 997 "Әкімдіктің 2005 жылғы 28 қарашадағы № 908 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысымен өзгерістер енгізілді, Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 9-2-111, 2008 жылғы 19 тамызда "Рудненский рабочий" газетінде № 85 болып жарияланған) қаулысы күшін жойды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі                     Н. Денинг

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады