Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 645 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 маусымда № 9-2-136 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19–бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 45110, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 17 сәуірдегі № 543 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 45317, Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 157 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына сәйкес, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 3677, Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай облысы Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізу ұйымдастырсын.

      2. Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық психиатриялық ауруханасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша), Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық тері-венерологиялық диспансері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша), Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша), Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Рудный туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
      1) қосымша тексеруге жіберілген әскерге шақырылушыларды стационарлық тексерістен өткізу үшін қажетті емделетін орын санын бөлсін;
      2) тексерістен және хирургиялық әрекеттен өту үшін шақыру комиссиясы жіберген әскерге шақырылушыларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Рудный қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) шақыру комиссиясынан өту және командаларды жіберу үшін шақырудан жалтарып жүрген әскерге шақырылушыларды іздестіру және "Қостанай облысы Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жеткізу жөніндегі шұғыл топты құру;
      2) іздестіру тобын автомобиль көлігімен қамтамасыз ету.

      4. Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдардың басшыларына:
      1) әскерге шақырылушылар туралы қажетті мәліметтерді уақтылы ұсынсын, сондай-ақ оларды "Қостанай облысы Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақыру туралы хабарласын және олардың шақыру комиссиясынан өтуін қамтамасыз етсін;
      2) әскерге шақырылушыларды іссапарларынан және демалыстарынан шақырсын.

      5. Қашар және Горняцк поселкелерінің әкімдері жұмыс берушілерді қатыстыра отырып, әскерге шақырылушыларға хабарлауды ұйымдастырсын, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың шақыру учаскесіне уақтылы келуін қамтамасыз етсін.

      6. "Рудный қалалық мәдениет және тіл дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы әскери қызметтен өту үшін жіберілетін әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырсын.

      7. Шақыруды хабарлау, өткізу, әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру және жеткізу жөніндегі іс-шараларды орындаумен байланысты шығыстарды қаржыландыру, сондай-ақ шаруашылық жұмыскерлердің жалақысы қалалық бюджет қаражаттары есебінен жүргізіледі.

      8. "Қостанай облысы Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) жүргізілген жұмыстар туралы ақпаратты 2009 жылғы 10 шілдеге қарай және 2010 жылғы 10 қаңтарға қарай Рудный қаласы әкімінің аппаратына берсін.

      9. Рудный қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 584 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2008 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (2008 жылғы 18 сәуірдегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 9-2-106, 2008 жылғы 22 сәуірде "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) қаулысы күшін жойды деп танылсын.

      10. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.

      11. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Рудный қаласының әкімі                     Н. Денинг

      КЕЛІСІЛДІ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады