Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесі санаттағылар халықтың нысаналы топтары деп белгіленсін:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13) ұзақ уақыт жұмыспен қамтылмағандар (он екі айдан астам);
14) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
15) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген елу жастан асқан тұлғалар;
16) курстық дайындық, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білімінің түлектері;
17) егер оларға лайықты жұмыс болмаған жағдайда жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
2. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (әрі қарай уәкілетті орган) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды қарастырсын:
1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар қолдансын;
2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді қамтамасыз етсін;
3) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға бақылауды жүзеге асырсын.
3. Әкімдіктің 2009 жылғы 21 қазандағы № 1254 "2010 жылы халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы" қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі Н. Денинг