Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі № 343 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 қыркүйекте № 9-3-115 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 390 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2009.10.30 № 390 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихатының № 7 Абай сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткізуге байланысты үгіттік баспа материалдарын орналастыруды ретке келтіру мақсатында, Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін келесі орындар белгіленсін:
      1) Қалалық мәдениет сарайы, шаруашылық жүргізу құқығындағы "Арқалық азық-түлік компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны алды;
      2) "Әсем" фотосалонының, "Айна" сауда дүкенінің алды.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Шаяхметовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енеді.

      Қала әкімі                                 Т. Төлеубаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Арқалық аумақтық
      сайлау комиссиясы
      төрағасының орынбасары
      ___________ Д. Нұрлыбеков
      2009.09.17

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады