Азаматтарды Лисаков қаласының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 1 шешімі. Қостанай облысы Лисаков қаласының әділет басқармасында 2009 жылы 23 қаңтарда № 9-4-134 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШТІМ:
      1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2009 жылғы қаңтардан бастап наурызда қоса кезеңінде "Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Октябрь кентінің әкімі Роот В.А., Красногор селосының әкімі Бекешева А.З. тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне әскери есепке жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер департаменті Лисаков қаласының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркеуден жалтарып жүргендерді іздестіру және жеткізу жұмысын ұйымдастырсын.
      4. "Лисаков қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі тіркеу науқасын жүргізу үшін қаржыландыру жоспарына сәйкес ақшалай қаражаттар бөлсін.
      5. Шешімді орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат Лисаков қаласының әкіміне 2009 жылғы 1 сәуіріне ұсынылсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.П. Сенчевке жүктелсін.
      7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының
      әкімі                                      В. Полешко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады