"Мемлекетпен жеке меншікке сатылған жер үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілеу арқылы Қостанай облысы Лисаков қаласының жерін аймаққа бөлу Схемасын және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілеу арқылы Қостанай облысы Лисаков қаласының жерін аймаққа бөлу Схемасын бекіту туралы" мәслихаттың 2005 жылғы 28 қазандағы № 195 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласының мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 154 шешімі. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 наурызда № 9-4-139 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 01.03.2011 № 413 шешімімен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

       "Нормативтік құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Мемлекетпен жеке меншікке сатылған жер үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілеу арқылы Қостанай облысы Лисаков қаласының жерін аймаққа бөлу Схемасын және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілеу арқылы Қостанай облысы Лисаков қаласының жерін аймаққа бөлу Схемасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-33 болып тіркелген, 2005 жылғы 22 желтоқсанда № 51 "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) 2005 жылғы 28 қазандағы № 195 шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "4-қосымшада көрсетілген жерлер үшін, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері белгілінген.".

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ІХ сессияның төрағасы Д. Мироненко
      Қалалық
мәслихатының хатшысы
Т. Кривошея

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады