Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 193 қаулысы. Қостанай облысы Лисаков қаласың Әділет басқармасында 2009 жылы 8 сәуірде № 9-4-140 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласың әкімдігінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 228 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласың әкімдігінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 228 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19, 23-баптарына сәйкес, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірден № 779 Жарлығын орындауда, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыру комиссиясының жұмысы ұйымдастырылсын және шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі еркек жынысты азаматтар, сондай-ақ жиырма жеті жасқа толмаған, оқу орындарынан шығарылған, әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар мерзімді әскери қызметке кезекті шақырылуы 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
      2. "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру науқанын жүргізу үшін шақыру кезеңіне әскери есепке алу жөнінде мамандарды тарту ұсынылсын.
      3. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Лисаков қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша), Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Лисаков қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) және "СТОМ&Д" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (келісім бойынша):
      1) шақыру комиссиясымен жіберілген әскерге шақырушыларды тексеру жүргізу;
      2) стационарлық тексеріс жүргізу үшін кереуеттің қажетті санын бөлу;
      3) Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Лисаков қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) әскерге шақырудан кейінге қалдыру алған және емдеуден өткен шақырушыларға берілген кесілген талондарды "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне беру ұсынылсын.
      4. Октябрь кентінің, Красногор селосының әкімдері шақырушыларды шақыру комиссиясын өту үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.
      5. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай облысы ішкі істер департаменті Қостанай облысы Лисаков қаласының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
      1) әскерге шақырушыларды қаланың автовокзалынан облыстық жинақтау пунктіне жөнелткен кезде қоғамдық тәртіпті қалпында сақтау үшін қызметкерлердің қажетті санын бөлу;
      2) "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесе отырып, шақырушылардың хабарландыру және іздестіру тобын құру;
      3) алыс-беріс жазылатын шақыру қағазын алғаннан кейін, мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді шақыру пунктіне жеткізу жұмысын ұйымдастыру ұсынылсын.
      6. "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, "Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақырушыларды салтанатты шығарып салуды ұйымдастыру және өткізу ұсынылсын.
      7. "Лисаков қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру комиссиясын жүргізу үшін 2009 жылға арналған қалалық бюджетте осы мақсатқа көзделген сомалар бойынша ақшалай қаражаттар бөлсін.
      8. "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы 2009 жылғы 25 маусымға дейінгі және 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде осы қаулының орындалуы жөнінде атқарылған жұмыс туралы ақпаратты қала әкіміне беру ұсынылсын.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Қ.Р. Тұмановаға жүктелсін.
      10. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың сәуірінен бастап қолданысқа таратылады.

      Лисаков қаласының
      әкімі                                      В. Полешко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады