1992 жылы туған еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданың әкімінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 2 шешімі. Қостанай облысы Алтынсарин ауданың Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 ақпанда № 9-5-79 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармақшасын жүзеге асыру мақсатында ШЕШТІМ:

      1. 1992 жылы туған еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың қаңтар-наурызында Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізу қамтамасыз етілсін.

      2. Ауданның селолық округтер мен селолар әкімдері тіркеу жүргізу кезеңінде әскерге шақырылушыларды хабардар етуді және Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген болімінің шақыру учаскесіне келуін ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

      3. "Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының Алтынсарин орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының бас дәрігеріне (Ж.Қ. Қуанова) (келісім бойынша) тіркеу жургізу кезеңінде ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын:
      1) әскерге шақыру пункті дәрігер-мамандар мен орта буын медициналық қызметкерлермен;
      2) стационарлық тексеру үшін орындармен қамтамасыз ету.

      4. "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер басқармасының Алтынсарин ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің  бастығына (Б.С. Ағаділов) (келісім бойынша) тіркеу жургізу кезеңінде тіркеу комиссиясынан өту кезеңінде әскерге шақырылушылар  арасында қоғамдық тәртіпті ұстау үшін Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне полицияның екі қызметкерін бөлу ұсынылсын.

      5. "Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Д.С. Айсин) (келісім бойынша) және "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (А.Н. Грынькив) тіркеуді жүргізу кезеңінде:
      1) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеудегі тапсырманы оқу мекемелеріне жеткізсін;
      2) бастапқы әскери даярлаудың оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары жөніндегі анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін;
      3) олардың жұмысын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұйымдастырсын, әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстың басталғандағы туралы хабарландыру берсін;
      4) тіркеу уақытында әсери-оқу орнына түсудегі әскери-кәсіптік бағдарлау мақсатында әскерге шақырушылардың әрқайсысымен жеке әңгімелесу өткізсін.

      6. "Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі 2009 жылға арналған көзделген қаражаттар шегінде, 1992 жылы туған азаматтарда "Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің" шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      7. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 1 "1992 жылы туған еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету туралы" қаулысының (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 23 ақпанда 9-5-60 болып тіркелген, 2008 жылғы 13 наурызда "Таза бұлақ - Чистый родник" № 10 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары К.Ғ. Таңқабаевқа жүктелсін.

      9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтынсарин                                 А. Бондаренко
      ауданының әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады