Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 21.07.2014 № 128 хатымен).
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238 бабының 2 тармағы, "Агроөнерлік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 4 тармағын орындау мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15)тармақшасына және Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 37 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласы мамандарына жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" қаулысына сәйкес Алтынсарин аудан мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет саласы мамандарына қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда 2009 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен кейін қолданысқа енгізіледі.
Алтынсарин аудандық
мәслихатының кезктен тыс
сессиясының төрағасы Т. Құлмағамбетов
Алтынсарин аудандық
мәслихатының хатшысы Т. Құлмағамбетов