Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2009 жылға арналған квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданың әкімдігінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 64 қаулысы. Қостанай облысы Алтынсарин ауданың Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 наурызда № 9-5-85 тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-2)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мүгедектер үшін квота Алтынсарин ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы көлемінен үш пайыз мөлшерінде жұмыс берушілерге белгілеу ұсынылсын.

      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Қ. Есенбаева) мүгедектердің жұмыс орындарына жұмысқа тұруға квотаға сәйкес жолданылуын қамтамасыз етсін.

      3. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 30 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2008 жылға арналған квотасын белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп есептелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары К. Ғ. Таңқыбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Аудан әкiмiнің
      міндетін атқарушы                          К. Таңқыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады