Әкімдіктің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 86 "Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолы мен тамақтануға, тұруға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданың әкімдігінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 66 қаулысы. Қостанай облысы Алтынсарин ауданың Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 наурызда № 9-5-86 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру шаралары туралы» қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 86 "Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолы мен тамақтануға, тұруға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығын бекіту туралы" қаулысының қосымшасына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-5-2, 2005 жылғы 28 сәуір, 2005 жылғы 10 маусымдағы № 15-16 "Таза бұлақ-Чистый родник" газетінде жарияланды) өзгерістер енгізілсін:
      5 бөлімнің 10-тармағының 3)-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "3) тұруға төрт айлық есептік көрсеткіштер көлемінде ай сайын";
      5 бөлімнің 10-тармағының 4)-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын":
      "4) тамақтануға алты айлық есептік көрсеткіштер көлемінде ай сайын".

      2. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 11 "Әкімдіктің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 86 "Кәсіби даярлау,біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолы мен тамақтануға, тұруға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-5-63, 2008 жылғы 13 наурыздағы № 10 "Таза бұлақ-Чистый родник" газеті) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары К.Ғ.Таңқыбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтынсарин ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                         К. Таңқыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады