РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 3-тармағына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда, жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін орташа түсімді (өнімділікті) және бағаларды түзету туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 83 (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тізілімінде № 9-5-89 болып тіркелген, "Таза бұлақ - Чистый родник" аудандық газетінде 2009 жылы 26 наурызда жарияланған) қаулысына толықтыру енгізілсін:
қаулының кіріспесінде "жергілікті мемлекеттік басқару" сөздері "және өзін-өзі басқару" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі бірінші орынбасарының міндетін атқарушы А.А. Кенжеғаринге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Бондаренко
КЕЛІСІЛДІ
"Алтынсарин ауданы әкiмдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк
мекемесi бастығының міндетін атқарушы
_________________________ Л. Чиркова
2009.09.23