"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес, "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17 бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында ШЕШТІМ:
1. 2010 жылдың қаңтар-наурызында "Қостанай ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесiне Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарының тiркеуін өткізуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Селолық округтер, селолар әкімдері тіркеуді өткізу кезеңінде "Қостанай ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесiне шақырылушыларды хабардар етуді және олардың уақытында келуін ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
3. "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Қостанай облысы ішкі істер Департаментінің Алтынсарин ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) тіркеу жүргізу кезеңінде "Қостанай ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне медициналық және тіркеу комиссиясынан өту кезеңінде олардың арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін екі полиция қызметкерін бөлу ұсынылсын.
4. "Қостанай ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп тіркеу өткізу кезеңінде:
1) әскери оқу орындарына үмiткерлердi iрiктеудегі тапсырманы оқу мекемелерiне жеткiзу;
бастапқы әскери даярлаудың оқытушы - ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары жөніндегі анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету;
тiркеу уақытында әсери-оқу орнына түсудегi әскери-кәсiптік бағдарлау мақсатында әскерге шақырушылардың әрқайсысымен жеке әңгiмелесу өткiзу ұсынылсын.
5. "Алтынсарин ауданы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi 2010 жылға арналған көзделген қаражаттар шегiнде "Қостанай ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесiне тiркеуді ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкiмiнің бірінші орынбасары міндетін атқарушы А.А. Кенжеғаринге жүктелсiн.
7. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап болған қатынастарға таратылады.
Алтынсарин
ауданының әкімі А. Бондаренко
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай ауданының қорғаныс
iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмi"
мемлекеттiк мекемесiнің бастығы
__________________________ Д. Айсин
"Қазақстан Республикасы ішкі істер
министрлігі Қостанай облысы ішкі
істер Департаментінің Алтынсарин
ауданының iшкi iстер бөлiмi"
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
_____________________ Б. Шубаев
"Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай
облысы денсаулық сақтау басқармасының
Алтынсарин аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттiк коммуналдық қазыналық
кәсiпорынының бас дәрiгерi
___________________________ Ж. Қуанова