Әкімдіктің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 79 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 47 қаулысы. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 наурызда № 9-6-91 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасына37-бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 19-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген "Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне" сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аманкелді ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 79 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-6-74 болып тіркеліп, "Аманкелді арайы" газетінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 17 санында жарияланған) қаулысымен бекітілген "Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің Нұсқаулығының 12-тармағы 1)-тармақшасындағы "екі айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "үш айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Хайруллинге жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады