Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2009.11.05 № 152 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабының, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2006 жылғы 1 тамыздағы № 207 "Әулиекөл ауданының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізілсін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 9-7-43 нөмірімен тіркелген, "Әулиекөл" газетінде 2006 жылғы 24 тамызда жарияланған):
2 және 3 баптар біріктірілсін;
3 баптың атауы алынып тасталсын;
9 тармақтағы "Жануарлардың иелері міндетті" деген сөздер "Жануарлардың иелеріне қажет" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тоғызыншы сессияның төрағасы,
аудандық мәслихаттың хатшысы А. Бондаренко
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министрлігінің
агроөнеркәсіптік кешеніндегі
мемлекеттік инспекциясы
Комитетінің Әулиекөл
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________ Ә.Қ. Тынымбайұлы
"Әулиекөл ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемилогиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________ Д.Е. Ғабдоллаұлы
"Әулиекөл ауданының
ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_______________ Н.А. Сералыұлы