Қоғамдық жұмыстар түрінде жазаға сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 тамыздағы № 207 қаулысы. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 7 қыркүйекте № 9-7-103 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 369 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2010.12.27 № 369 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 42-бабына, "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстар түрінде жазаға сотталғандар үшін 2009-2010 жылдарға қоғамдық жұмыстардың түрлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Р. Нұғмановаға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әулиекөл
      ауданының әкімі                            Б. Ғаязов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай облысы бойынша
      қылмыстық-атқару жүйесі
      комитеті басқармасының
      Әулиекөл аудандық
      қылмыстық-атқару
      инспекциясының
      аға маман-аға инспекторы
      _______________ Ж.Б. Ақанов
      07.08.2009 ж.

Әкімдіктің        
2009 жылғы 10 тамыздағы 
№ 207 қаулысына қосымша 

Қоғамдық жұмыстар түрінде жазаға
сотталғандар үшін 2009-2010 жылдарға
қоғамдық жұмыстардың түрлері

      1. Тұрмыстық қалдықтарды жинау
      2. Аумақты мұздан тазалау
      3. Аумақты қардан тазалау
      4. Аумақты қоқыстан тазалау
      5. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалау
      6. Аумақты арамшөптен тазалау
      7. Қоқысты жинау және шығару
      8. Жас шыбықтарды қию
      9. Ағаштарды қию
      10. Ағаштарды ақтау
      11. Ағаш отырғызу
      12. Қоршауды жөндеу
      13. Қоршауды сырлау
      14. Ғимаратты ақтау
      15. Ғимаратты сырлау
      16. Гүл хауыздарын бөлу
      17. Газондарды қолмен қазу
      18. Шөпті шабу
      19. Қоқысты жинау және өртеу

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады