Әкімдіктің 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 6 "Әулиекөл ауданында 2009 жылға тұрғындардың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына толықтыру және өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қазандағы № 272 қаулысы. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 қазанда № 9-7-105 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 04-10/234 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 12.04.2010 № 04-10/234 хаты).

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына және Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Әулиекөл ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 6 "Әулиекөл ауданында 2009 жылға тұрғындардың нысаналы топтарының тiзбесiн бекiту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9-7-90 тіркелген, 2009 жылдың 12 қаңтарында "Әулиекөл" газетінде жарияланған), бұрын әкімдіктің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 183 "Әкімдіктің 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 6 "Әулиекөл ауданында 2009 жылға тұрғындардың нысаналы топтарының тiзбесiн бекiту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысына өзгерістер пен толықтыру енгізілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9-7-102 тіркелген, 2009 жылдың 20 тамызында № 34 "Әулиекөл" газетінде жарияланған), келесі толықтыру және өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін тұрғындардың нысаналы топтарына кіретін тұлғалардың тізбесі 16-тармақпен келесі мазмұнда "Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері" толықтырылсын;
      13 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын "Толық емес отбасылардың табысы тұрмыс деңгейінен төмен жұмыссыз тұлғалары.".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әулиекөл ауданының әкімі                   Б. Ғаязов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Оспанов Сұлтанғали Әлмағамбетұлы
      2009 жылғы 15 қазанда

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады