Әулиекөл ауылындағы көшені қайта атау туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әуликөл селосы әкімінің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 3 шешімі. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 желтоқсанда № 9-7-108 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "селосындағы" сөзі "ауылындағы" сөзімен ауыстырылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әулиекөл селосы әкімінің 16.06.2014 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін).

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасының және 2009 жылдың 30 қазандағы Зеленый клин көшесі тұрғындарының жиынының негізінде ШЕШТІМ:

      1. Әулиекөл ауылындағы Зеленый клин көшесі Сұлтан Еркимбаев атындағы көше деп қайта аталсын.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әулиекөл


селосының әкімі

А. Лыфарь


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады