Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009.04.10 № 3 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағы 13) тармақшасынажәне Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабы 3 тармағына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Тіркеу жүргізу кезеңіне қарағанда он жеті жасқа толған еркек жынысты азаматтарды, 2009 жылдың қаңтар мен наурызға дейінгі кезеңде Денисов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне (бұдан былай-қорғаныс істері жөніндегі бөлім) тіркелуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Селолар мен селолық округтердің әкімдері жасөспірімдердің шақыру учаскеге тіркелуден өтуі үшін Денисов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне ұйымдасқан түрде келулері бойынша шаралар қабылдансын.
3. "Денисов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудандық бюджетте қарастырылған қаражат есебінен қаржыландыру жүргізсін.
4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Денисов аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркеуге тұрудан бой тасалап жүргендерді іздестіру және тіркеу учаскелеріне жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
5. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша) "Денисов ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі нарядты оқу орындарына жеткізсін, алғашқы әскери даярлау жөніндегі оқытушыларын әскери-оқу мекемелері туралы анықтамалық материалмен қамтамасыз етсін, олардың жұмысын ұйымдастырсын, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу туралы хабарландыру берсін. Әскери-оқу орындарына түсуіне кәсіптік бағыттау мақсатымен тіркеу жүргізу мерзімінде әр әскер жасына дейінгі жастармен жеке әңгімелер жүргізсін.
6. Осы шешімін орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
7. Шешім орындау жөніндегі атқарылған жұмыс туралы ақпарат 2009 жылғы 1 сәуірге дейін Денисов ауданының әкіміне берілсін.
8. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Денисов
ауданының әкімі А. Кушнир