Денисов ауданы елді мекендерінде жануарларды ұстау ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 111 шешімі. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 ақпанда № 9-8-119 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2010 жылғы 9 ақпандағы № 198 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2010.02.09 № 198 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына сәйкес, Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 21 қантардағы № 23 "Денисов ауданының елді мекендерінде ауылшаруашылық үй жануарларын ұстау Ережелерінің жобасы туралы" қаулысын қарап мәслихат ШЕШТІ:

      1. "Денисов ауданы елді мекендерінде ауылшаруашылық үй жануарларын ұстау ережелері" бекітілсін (қосымша беріледі).

      2. Мәслихаттың 2007 жылғы 21 мамырдағы № 46 "Денисов ауданы елді мекендерінде ауыл шаруашылық үй жануарларын ұстау ережелерін бекіту туралы" (2007 жылдың 28 маусымның № 9-8-52 Реестінінің мемлекеттік тіркеуіндегі нормативтік құқықтық актілерінде, 2007 жылдың 28 қыркүйектегі № 39 "Наше время" газеті) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының
      тоғызыншы сессиясының
      төрағасы                                   М. Суербасов

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б.Тойбағоров

       
Мәслихаттың              
2009 жылдың 21 қаңтардағы
№ 111 шешімімен бекітілген

Денисов ауданы елді мекендерінде
жануарларды ұстау ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер (бұдан былай–Ережелер) Денисов ауданы аумағында жануарларды мен құстарды (бұдан әрі–жануарлар) ұстауды белгілеу және жануарлар мен адамға қауіпті індет ауруларды алдын алу мақсатында әзірленіп.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 30.10.2009 № 160 (қолданысқа енгізілу тәртібін  т.2 қараңыз) шешімімен.

      2. Ережелер меншік түріне қарамастан ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.

      3. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес әзірленген.

      4. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Денисов аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 30.10.2009 № 160 (қолданысқа енгізілу тәртібін  т.2 қараңыз) шешімімен.

2. Жануарларды ұстау

      5. Село және селолық округтерінің әкімдері өз құзыреті шегінде, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жануарлар жайылатын орындарды белгілейді және жануарлар иелерін азаматтар жиындарын өткізу арқылы хабарландырады.

      6. Жануарлардың бағуы аулада, көршілерге кедергі келтірмейтін арнайы бөлінген және жасалған жайларда жүзеге асырылады.

      7. Жануарлар иелері оларды ұстаудың зоотехникалық және ветеринарлық-санитариялық талаптарын сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға міндетті.

3. Жануарлар иелерінің міндеттері

      9. Жануарлардың иелері:
      1) жануарларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстау, оларға мейірімділікпен қарау, қараусыз қалдырмау, ауыра қалған жағдайда уақытында ветеринарлық көмекке жүгіну;
      2) қоршағандардың қауіпсіздігін және тыныштық пен санитарлық ережелерді сақтауды қамтамасыз ету шараларын қабылдайды;
      3) ауылшаруашылық жануарлардың бірдейлендіруін және олардың ветеринарлық паспорттардың ресімделуін қамтамасыз ету;
      4) ветеринарлық мамандарға олардың сұраулары бойынша диагностикалық зерттеу және вакциналауды жүргізу үшін жануарларды беру;
      5) мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдарды сатып алынған жануарлар, төл туралы, оларды сойып сатуы туралы хабарлау;
      6) жұт болған жағдайлар, бірнеше малдың қатар ауырғаны туралы, немесе олардың ерекше жүріс-тұрысы жөнінде ветеринарлық мамандарға хабарлау және олардың келуіне дейін ауру деп саналатын жануарларды оқшаулауға шаралар қолдану;
      7) малды сату үшін ветеринарлық тексерусіз және мал ұшалары мен органдарын ветеринарлық-санитарлық сараптамасыз союды болдырмау;
      8) ветеринарлық мамандардың қызметтік міндеттерін атқаруына жәрдем ету.
      9) Паразитті насекомдар мен кемірушілердің пайда болуын болдырмау шараларын қабылдайды.
      10) Жануарларды оқшаулау режимін сақтайды.

      10. Жануарлар өлекселері мал қорымдарда немесе осыған арнайы бөлінген жерлерде утильдеуі тиіс.

4. Жануарлар мен адам үшін ортақ жұқпалы
аурулардың (құтыру) алдын алу мақсатында
жануарларды бағу және ұстау талаптары

      11. Ветеринарлық профилактикалық өндеу кешендерін өткен күзет иттерді, ауыл шаруашылық малды жайыту үшін пайдалану.

      12. Жануарлардың қашасы мен өрісі қараумен және күзетпен шығарылады.

5. Жануарлар иелерінің ережелерді
бұзған үшін жауапкершіліктері

      Ескерту. 5 бөлім аланып тасталды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 30.10.2009 № 160 (қолданысқа енгізілу тәртібін  т.2 қараңыз) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады