Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 36 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 наурызда № 9-8-122 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 316 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009.12.28 № 316 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 1-3) тармақшасына, Денисов аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 94 "2009 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы" шешіміне сәйкес (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2008 жылғы 26 желтоқсанда № 9-8-107 болып тіркелген, аудандық "Наше время" газетінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы № 2, 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 4, 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 5 санында жарияланған) әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету" атты бюджеттік бағдарламаны орындау мақсатында оқу мерзіміне тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жергілікті бюджеттен төлемдер белгіленсін.
      2. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан былай–уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
      3. Мыналар белгіленсін:
      үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек отбасының табысына қарамастан ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
      Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті органмен ұсынылған тізімдерге сәйкес тиісті операциялар түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдары мен екінші деңгейдегі банктар арқылы әлеуметтік көмек алушының есеп шотына қаржы аудару арқылы жүзеге асырылады.
      4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" атты бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан басталған әрекетке таратылады.

      Денисов ауданы әкімінің                          М. Мұратбеков
      міндетін атқарушы 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады