"№ 1 Денисов орта мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы интернатта 2009 жылы балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 37 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 наурызда № 9-8-123 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 316 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009.12.28 № 316 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармақ 14) тармақшасы негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 "Білім алу кезеңінде мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің көздері және мөлшерлері туралы" қаулысына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "№ 1 Денисов орта мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы интернатта балаларды тамақтандыру үшін 2009 жылға ата-аналардың төлемі тамақ бағасынан 20 пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Келесі санаттағы интернат тәрбиеленушілеріне 2009 жылға тегін тамақтандыру түрде жеңілдік белгіленсін: жетім балаларға, ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектелген балаларға, мүгедектерге.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                         М. Мұратбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады