Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 98 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 мамырда № 9-8-127 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 316 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009.12.28 № 316 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысына және "Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 157 қаулысына сәйкес (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2009 жылғы 27 сәуірде № 3677 болып тіркелген) әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы республикалық Ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру.

      2. Селолар мен селолық округтерінің әкімдері:
      1) Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19 бабына сәйкес әскерге шақырылғандарды уақытында хабарландыру және шақыру учаскеге келуін қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде әскери қызметін өтеуге шақырылған азаматтармен жұмыс істеген орындарында уақытылы есеп-айырысу жүргізуін бақылауға алсын;
      3) әскери қызметті өтеу үшін жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырсын.

      3. "Денисов орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша):
      1) аудандық медициналық комиссияны жетіспейтін дәрігер-мамандармен, медициналық құралдар және мүліктермен, сонымен қатар флюропленкалармен және химиялық реактивтермен толықтыру жөніндегі жұмысты үйымдастырсын;
      2) әскерге шақырылушыларды кезектен тыс амбулаториялық және стационарлық куәландырудан өткізу үшін барлық жағдай жасалсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Денисов аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскерге шақыру және командаларды жөнелту кезінде:
      1) мерзімді әскери қызметіне шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру және ұстауды жүргізсін;
      2) жинақтау пунктінде әскери шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция нарядын бөлсін.

      5. "Денисов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қаржыландыруды жергілікті бюджетте қарастырылған ассигнованиялар есебінен "Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар" атты бюджеттік бағдарламаны орындау мақсатында жүзеге асырсын.

      6. Атқарылған жұмысы туралы ақпарат Денисов ауданы әкімінің аппаратына 2009 жылғы 10-шы шілдеге және 2010 жылғы 10-шы қаңтарға дейін берілсін.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.

      8. Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 69 "Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысы жойылсын.

      9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың сәуірінен бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

      Денисов ауданының әкімі                    А. Кушнир

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Денисов орталық аудандық аурухана"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорның бас дәрігері          М. Баймурзин

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      министрлігі Қостанай облысының ішкі
      істер Департаменті Денисов аудандық
      ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            М. Қаспаев

      "Денисов ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        А. Шумаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады