Жангелдин аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 78 "Жангелдин ауданының 2009 жылға арналған бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 40 қаулысы. Қостанай облысы Жангелдин ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 3 наурызда № 9-9-96 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 64-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына, Жангелдин ауданының мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 78 "Жангелдин ауданының 2009 жылға арналған бюджеті туралы" шешіміне сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер белгіленсін: (1 қосымша)
      1) Ұлы Отан Соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік қорғау және қолдау мақсатында тұрмыстық жағдайы үшін (шаштараз, монша) төленетін әлеуметтік төлемдер;
      2) Ұлы Отан Соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметке төленетін әлеуметтік төлемдер;
      3) Ұлы Отан Соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне Жеңіс күніне арналған біржолғы материалдық көмек;
      4) Ұлы Отан Соғысында қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған) адамның асыраушысынан айырылуына байланысты жесіріне төленетін әлеуметтік төлемдер;
      5) Қарттар мен мүгедектер күніне төленетін біржолғы материалдық көмек;
      6) Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жесіріне газет-жорналдарға жазылдыру үшін жұмсалатын әлеуметтік төлемдер;
      7) 1, 2 топ мүгедектерге, жалғыз басты қарт кісілерге "Біздің Торғай" газетіне жазылдыру үшін жұмсалатын әлеуметтік төлемдер;
      8) Жалғыз басты қарт кісілерге "Қостанай таңы" газетіне жазылдыру үшін жұмсалатын әлеуметтік төлемдер;
      9) Аудан рыногында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыған кезеңінде көп балалы және аз қамтылған отбасыларының балаларына, тұл жетімдерге, дарынды балаларға төленетін әлеуметтік төлемдер;
      10) Үйде оқып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға көрсетілетін 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайынғы төленетін әлеуметтік төлемдер;
      11) Қайтыс болған жұмыссыздықтарды жерлеу үшін 1 айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде әлеуметтік көмек;
      12) Амбулаторлық емделу кезінде қосымша тамақтануға туберкулезбен ауыратын аз қамтылған азаматтарға жыл сайынғы 12 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленетін біржолғы әлеуметтік төлем;
      13) Облыстық департамент тізімімен облыстық дәрежедегі Дербес зейнеткерге 30,0 мың теңге мөлшерінде төленетін біржолғы әлеуметтік төлем;
      14) Чернобыл апатында, Ауған соғысында және Семей ядролық сынақ полигонында зардап шеккендердің мүгедек болғандарына, жұмыссыздарға, жұмыс істемейтіндерге 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленетін біржолғы әлеуметтік төлемдер;
      15) Аудан әкімінің шешімі бойынша азаматтардың өтінішімен берілетін әлеуметтік төлемдер;
      16) Қостанай қаласына мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасы бойынша "Сосновый Бор" және "Жетіқара" емдеу-сауықтыру шипажайларына бару-келу жол ақысына төленетін біржолғы әлеуметтік төлемдер;
      17) "Мүгедектер күні" қарсаңында 18 жасқа дейінгі бала-мүгедектерге 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленетін біржолғы әлеуметтік төлемдер;
      18) Кәсіби дайындық және қайта дайындықтан өтіп жатқан ресми тіркелген жұмыссыздарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленетін біржолғы әлеуметтік төлемдер.
      2. "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган болып белгіленсін.
      3. Мыналар белгіленсін:
      1) әлеуметтік көмек тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім өкілетті органмен құжаттар қабылданған күннен бастап он күн ішінде қабылданады;
      2) әлеуметтік көмек қайтыс болған кезде жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органда ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін, қайтыс болған адаммен қайтқан күніне бірге тұрған отбасы мүшелеріне немесе жерлеуші адамдарға төленеді.
      4. "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімдемесі бекітілсін.
      5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
      6. Қаулының орындалуына бақылау жасау Жангелдин ауданының әкімінің орынбасары Т. Аубакировке жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      уақытша міндетін атқарушы                  Т. Аубакиров
 
 

Жангелдин ауданының    
әкімдігінің            
2009 жылғы 18 ақпандағы
№ 40 қаулысына 1 қосымша

2009 жылға жергілікті бюджет
есебінен көрсетілетін әлеуметтік төлемдер

      1. Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік қорғау және қолдау мақсатында жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрмыстық жағдайы үшін (шаштараз-300 т., монша-200 т.) төленетін әлеуметтік төлемдер;
      6 адам*500 т.*12=36000 теңге.
      Барлығы: 36,0 мың теңге.

      2. Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметке (свет-7 т., су-70,80 т., көмір-9000 т.) төленетін әлеуметтік төлемдер;
      1) свет 45 квт.*7 т.=315*1 адам*12=3780х6=22680 теңге.
      2) су 70,80 т.*1 адам*12=849, 6 т.х6=5098 теңге.
      3) көмір 9000 т.*2 т.*6 адам=108000 теңге.
      Барлығы: 135,8 мың теңге.

      3. Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Жеңіс күніне арналған біржолғы материалдық көмек:
      5 адам*5000 т.=25000 теңге.
      Барлығы: 25,0 мың теңге.

      4. Ұлы Отан Соғысында қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған) адамның асыраушысынан айырылуына байланысты жесіріне төленетін әлеуметтік төлем;
      1 адам*4000 т.=4000 теңге.
      Барлығы: 4,0 мың теңге.

      5. Қарттар мен мүгедектер күніне арналған біржолғы материалдық көмек:
      45 адам*2000 т.=90000 теңге.
      Барлығы: 90,0 мың теңге.

      6. Ұлы Отан Соғысының қатысушысы мен мүгедектеріне,жесіріне газет-жорналдарға (Егемен Қазақстан) жазылдыру үшін жұмсалатын төлемдер;
      1) 5 адам*4238 т.=21190 теңге;
      2) 1 адам*4238 т.=4238 теңге;
      Барлығы: 25,4 мың теңге.

      7. 1, 2 топ мүгедектерге,жалғыз басты қарт кісілерге ("Біздің Торғай") газетіне жазылдыру үшін жұмсалатын әлеуметтік төлемдер;
      30 адам*1300 т.=39000 теңге.
      Барлығы: 39,0 мың теңге.

      8. Жалғыз басты қарт кісілерге ("Қостанай Таңы") газетіне жазылдыру үшін жұмсалатын әлеуметтік төлемдер;
      9 адам*2500 т.=22500 теңге.
      Барлығы: 22,5 мың теңге.

      9. Аудан рыногында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыған кезенінде көп балалы және аз қамтылған отбасыларының балаларына, тұл жетімдерге, дарынды балаларға төленетін әлеуметтік төлемдер;
      Жоғары Медициналық Академияда оқитын студенттер:
      282200 т.*40%=112880*7 адам=790160 теңге.
      282200 т.*60%=169320*7 адам=1185240 теңге.
      Барлығы: 1975,4 мың теңге.
      Педагогикалық Институтта оқитын студенттер:
      1) 118000*100%=118000*5=590000 теңге.
      2) 129000*100%=129000*1=129000 теңге.
      3) 138000*100%=138000*1=138000 теңге.
      4) 132000*100%=132000*1=132000 теңге.
      Барлығы: 989,0 мың теңге.
      Жалпы: 2964,4 мың теңге.

      10. Үйде оқып тәрбиеленетін мүгедек балаларға көрсетілетін 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленетін әлеуметтік көмек;
      5 бала*8 АЕК*9 м.=458280 теңге.
      Барлығы: 458,3 мың теңге.

      11. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде көрсетілетін әлеуметтік көмек;
      10 адам*1 АЕК*10=127300 теңге.
      Барлығы: 127,3 мың теңге.

      12. Амбулаторлық емделу кезінде қосымша тамақтануға туберкулез ауруымен ауыратын аз қамтылған азаматтарға жыл сайынғы әлеуметтік төлемдер;
      37 адам*1 АЕК*12=566420 теңге.
      Барлығы: 566,4 мың теңге.

      13. Облыстық Департамент тізімімен облыстық дәрежедегі Дербес зейнеткерге 30,0 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем;

      14. Чернобыл апатына, Ауған соғысына және Семей ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерге, мүгедек болғандарына, жұмыссыздарға, жұмыс істемейтіндерге 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы әлеуметтік төлемдер;
      Чернобыл 4 адам*15 АЕК=76380 теңге.
      Семейпалатинск 5 адам*15 АЕК=95475 теңге.
      Ауған 8 адам*15 АЕК=76380 теңге.
      Барлығы: 324,6 мың теңге.

      15. Аудан әкімінің шешімі бойынша азаматтардың өтінішімен берілетін әлеуметтік төлемдер;
      7 адам*32 АЕК=285152 мың теңге;
      Аудандық ауруханада қызмет істеп жүрген жас маман, медакадемия түлегіне біржолғы әлеуметтік көмек:
      1 адам*100,0 мың т.=100,0 мың теңге.
      Барлығы: 385,2 мың теңге.

      16. Қостанай қаласына жеке оңалту бағдарламасы бойынша "Сосновый Бор" және "Жетіқара" емдеу-сауықтыру шипажайларына бару-келу жол ақысына төленетін біржолғы әлеуметтік төлемдер;
      30 адам*5000=150000 теңге.
      Барлығы: 150,0 мың теңге.

      17. "Мүгедектер күні" қарсаңында 18 жасқа дейінгі бала-мүгедектерге 1 айлық есептік көрсеткіш біржолғы әлеуметтік төлемдер;
      26 адам*1 АЕК=33098 теңге.
      Барлығы: 33,1 мың теңге.ъ

      18. Кәсіби дайындық және қайта дайындықтан өтіп жатқан ресми тіркелген жұмыссыздарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленетін біржолғы әлеуметтік төлемдер;
      11 адам*10 АЕК=140030теңге.
      Барлығы: 140,0 мың теңге.
      Барлығы: 5557,0 мың теңге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады