Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2009.09.07 № 132 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы, 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 387 бабының 1 тармағына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясы ШЕШТІ:
1. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық ставкаларының мөлшері 50 пайызға және тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық ставкаларының мөлшері 50 пайызға өсіріліп, белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жангелдин аудандық мәслихаты
кезекті тоғызыншы сессиясының
төрағасы Р. Рыскелдин
Жангелдин аудандық
мәслихатының хатшысы Т. Даркенов
КЕЛІСІЛДІ
"Жангелдин ауданы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
__________________ Х. Зейнеке
22.07.2009 ж.