Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 16 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 ақпанда № 9-10-108 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2010.01.11 № 4 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына сәйкес, "2009 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 127 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3606, 2008 жылғы 12 наурыздағы № 52-53 "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 106 әкімдік қаулысын іске асыру мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Мүгедектерге мынадай әлеуметтік көмектің қосымша түрлері:
      1) мүгедек балалардың компьютерлік томографын тексеруге байланысты шығындар орынын толтыруға есеп айыратын құжаттар негізінде тексеру құнына жүз пайыз мөлшерінде;
      2) операция жасауға 15000 теңге сомасында;
      3) Қостанай облысының жоғары және орта кәіби оқу орындарында оқуына мүгедектерге, бала кезінен мүгедектерге, оқудың бір жылдық құнының 80 % мөлшерінде;
      4) санаторлық-курорттық емделуіне, барып-келуіне байланысты көліктік шығындар орнын толтыруына 2000 теңге мөлшерінде;
      5) тиісті жылға белгіленген, бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде балаларды қорғау Күніне мүгедек балаларға көрсетілсін.
      1), 2), 3), 4) тармақшаларда көрсетілген, әлеуметтік көмек түрлерін алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      өтініш;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      жеке бас куәлігінің көшірмесі;
      салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
      мүгедектік туралы анықтама үзіндінің көшірмесі;
      оқуына ұсынылған шығындар сомасы жөніндегі шоты (анықтама).
       2. Аудан бюджетінде осы мақсатқа қарастырылғандай қаражат шегінде әлеуметтік көмектің басқа түрлеріне қарамастан жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік көмектің әрбір түрі тағайындалады және төленеді.
       3. Жоғарыда аталған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі Уәкілетті органы болып "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
       4. Төлем екінші деңгейлі банктегі алушылардың жеке шотына ақша қаражаттарын аудару жолымен жүзеге асырылады.
       5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Р. Тұмановаға жүктелсін.
       6. Осы әкімдік қаулысы оның алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара
      ауданының әкімі                            Қ. Испергенов

      КЕЛІСІЛГЕН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады