Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік төлемдер белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 17 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 ақпанда № 9-10-109 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2010.01.11 № 2 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына, "2009 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 127 Жітіқара аудандық мәслихатының шешіміне, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркеу нөмірі 3606, 2008 жылғы 12 наурыздағы № 52-53 "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 106 Қостанай облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға берілетін әлеуметтік төлемдер:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне мынадай түрде:
      Жеңіс Күніне 10000 теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек;
      монша және шаштараз қызметтеріне 300 теңге мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек белгіленсін.
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне монша және шаштараз түріндегі ай сайынғы әлеуметтік көмектің тағайындалуы берілген өтініш негізінде жүргізіледі және өтініш беруші қайтыс болған айдан бастап тоқтатылады;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға Жеңіс Күніне бір жолғы әлеуметтік көмек 3000 теңге мөлшерінде белгіленсін.
       2. Жоғарыда аталған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органы болып "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
       3. Әлеуметтік көмек төлемі әлеуметтік көмек алушының жеке шотына қаражаттарын аудару жолымен жүзеге асырылады.
       4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Р. Тұмановаға жүктелсін.
       5. Осы әкімдік қаулысы оның алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара
      ауданының әкімі                            Қ. Испергенов

      КЕЛІСІЛГЕН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады