"Аймақ шегіндегі оқу орынына жүріп-тұру мен медициналық куәландыруға, тамақтануға, тұруға кеткен шығын орынын толтыру бойынша қайта даярлау мен біліктілікті көтеруге, кәсіби дайындыққа жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы" 2005 жылғы 19 наурыздағы № 133 әкімдік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 163 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 27 сәуірде № 9-10-114 тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, жұмыссыздардың қайта даярлауын және біліктілігін жоғарылату, кәсіби даярлауын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесіне сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Аймақ шегіндегі оқу орынына жүріп–тұру мен медициналық куәландыруға, тамақтануға, тұруға кеткен шығын орынын толтыру бойынша қайта даярлау мен біліктілікті көтеруге, кәсіби дайындыққа жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы" 2005 жылғы 19 наурыздағы № 133 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркеу нөмірі 3441, 2005 жылғы 20 сәуірдегі "Авангард" газетінде жарияланған) әкімдік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген, аймақ шегіндегі оқу орынына жүріп–тұру мен медициналық куәландыруға, тамақтануға, тұруға кеткен шығын орынын толтыру бойынша қайта даярлау мен біліктілікті көтеруге, кәсіби дайындыққа жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулықтағы:

      6 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "6. Әлеуметтік көмек уәкілетті органда ресми тіркелген, кәсіптік дайындыққа, білім беру ұйымдарына қайта даярлау мен біліктілігін жоғарылатуға жіберілген және заңнамалық тәртібімен белгіленген конкурсты ұтып алған жұмыссыз азаматтарға көрсетіледі";
      14 тармақтың 1) тармақшасындағы "бір айлық есептік көрсеткіші" деген сөздер "үш айлық есептік көрсеткіші" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      14 тармақтың 2) тармақшасындағы "екі" деген сөз "үш" деген сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы әкімдік қаулысы оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

       Жітіқара
      ауданының әкімі                           Қ. Испергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады