Автотұрақтар, автожағар май қую стансасы орналасқан жерлерге жер салығы ставкесін он есеге дейін арттыру қолданатын аумақтағы елді мекендерді белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 160 шешімі. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 8 мамырда № 9-10-120 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2012 жылғы 10 ақпандағы № 19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2012.02.10 № 19 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 386 бабы 1 тармағына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Автотұрақтар, автожағар май қую стансасы орналасқан жерлерге жер салығы ставкесін он есеге дейін арттыру қолданатын аумақтағы елді мекендер мыналар болып белгіленсін:
      1) Жітіқара қаласы.
      2) Пригородный ауылы.

      2. "Автотұрақтар, автожағар май қую стансасы мен базар орналасқан жерлерге жер салығы ставкесін 10 есеге дейін арттыру қолданатын аумақтағы елді мекендерді белгілеу туралы" 2002 жылғы 13 ақпандағы № 98 мәслихат шешімінің күші жойылған деп есептелсін (нөмір 1283 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік Тізілімінде тіркелген, 2002 жылғы 10 сәуірде "Авангард" газетінде жарияланған, оның алдында "Автотұрақтар, автожағар май қую стансасы мен базар орналасқан жерлерге жер салығы ставкесін 10 есеге дейін арттыру қолданатын аумақтағы елді мекендерді белгілеу туралы" 2002 жылғы 13 ақпандағы № 98 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 25 ақпандағы № 144 мәслихат шешімімен өзгерістер енгізілген (нөмір 9-10-112 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік Тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 25 наурызда № 14 "Житикаринские новости" газетінде жарияланған).

      3. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара аудандық
      мәслихаты сегізінші
      сессиясының төрағасы                       З. Асадуллин

      Жітіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы                      Г. Алпысбаева

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігі Салық комитетінің
      Қостанай облысы бойынша
      Салық департаментінің Жітіқара
      ауданы бойынша салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесі бастығы
      Қ. Қосмұхамбетов
      22.04.2009

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады