"2009 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 127 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы" 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 24 әкімдік қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 мамырдағы № 368 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 маусымда № 9-10-123 тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы 1-3) тармақшасына сәйкес және 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 127 "2009 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2009 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 127 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-110 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 6 ақпанда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 24 әкімдік қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      кіріспедегі:
      "мемлекеттік басқару" сөздерінен кейін "және өзін-өзі басқару" сөздерімен толықтырылсын, "жарияланған" сөзінен кейін "12 наурыздағы" сандары мен сөзі "30 сәуірдегі" сандары мен сөзіне ауыстырылсын;
      1 тармақтағы:
      1) тармақшасындағы "көп балалы отбасыларынан" сөздерінен кейін "оралмандар, толық емес отбасыларынан" сөздерімен толықтырылсын;
      "Мектеп бітірушілер білім туралы құжатты алғанға дейін әр оқу жылы сайын әлеуметтік көмекке өтініш жасайды" жолы алынып тасталсын;
      11) тармақшасындағы "тоқсан сайын 600 теңге мөлшерінде" сөздері "бюджетпен осы мақсаттарға қарастырылған, сомалар шегінде" сөздерімен ауыстырылсын;
      12) тармақшасы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-11-2 тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. 4), 5), 6), 7), 11), 12) тармақшаларымен қарастырылған, әлеуметтік көмектен басқа, әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар тізбесі: өтініш, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, салық төлеуші куәлігінің көшірмесі, "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту секторынан анықтама (жұмыссыздар үшін), Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы "Жітіқара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынынан анықтама (аурулар үшін дәрі-дәрмек сатып алуына, емделуіне, келісім бойынша), өткен тоқсандағы табыстары туралы анықтама (жұмыс істеушілер үшін). Өз бетінше жұмыс істейтін тұлғалардың табыстары жазбаша өтінішпен расталады.
      1-2. 8), 9) тармақшаларымен қарастырылған, әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлғаларға әлеуметтік көмек, олардың таңдауымен бір негіз бойынша төленуі белгіленсін".
      2. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара
      ауданының әкімі                           Қ. Испергенов

      КЕЛІСІЛГЕН

      Қостанай облысы әкімдігі денсаулық
      сақтау басқармасының "Жітіқара
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорынының бас дәрігері
      ________________ М. Бисенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады