2009 жылғы "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы Әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 9.Қостанай облысы Қамысты ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 ақпанда № 9-11-87 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 242–бабының 1- тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 1-3)14) тармақшасына сәйкес, Қамысты аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 98 "Қамысты ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін іске асыру мақсатында Қамысты ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттен келесі әлеуметтік төлемдер орнатылсын:
      1) Кәмелеттік жасқа толмаған қайтыс болған балалар мен жұмыссыз азаматтарды жерлеуге, он еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;
      2) мүгедек балалардың компьютерлік томографта тексерілуіне сәйкес шығынын толтыратын, есептеу құжаттар негізінде тексерілудің құнынан жүз пайыз мөлшерде болу керек;
      3) Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқуына байланысты облыс және аудан еңбек нарығына өте қажетті мамандығы бойынша студенттерге келісім-шарт негізінде білім беру қызмет көрсететін оқу құнынан жүз пайыз мөлшерде шығынын өтеуге;
      4) амбулаториялық емделу кезеңінде туберкулезбен ауыратын ауруларға қосымша тамақтануға бес еселік айлық есептік көрсеткішке мөлшерде;
      5) балалар күні мен мүгедектер күні қарсаңына мүгедек балаларға 1000 теңге ақшалай мөлшерде;
      6) Орташа табысы кедейшілік сызығынан төмен азаматтарды (отбасыларды) құжаттандыруға (жеке куәлік), отын сатып алуға және жеке шаруашылықты дамытуға алпыс еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;
      7) Кейбір жағдайларға байланысты әлеуметтік көмекке мұқтаж, табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға (құжаттандыруға, жерлеуге, Азық-Түлік тамақ сатып алуға, киімдерге, дәрілерге, медициналық мекемелерде тексерілуге және басқаларға) 10 еселік айлық есептік көрсеткішке дейін;
      8) 80 жастан асқан зейнеткерлерге қарттар күні қарсаңына 1000 теңге ақшалай мөлшерде;
      9) мемлекеттік мейрамдарға және бұқаралық аудандық шараларға он еселік айлық есептік көрсеткішке дейін;
      10) мүгедектерге, мүгедектер күні қарсаңына 1000 теңге ақшалай мөлшерде;
      11) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және оларға теңелгендерге мерзімді басылымдарға жазылуды ресімдеуге жылына 6 еселік айлық есептік көрсеткішке дейін;
      12) Қамысты ауданының құрметті азаматына және Ұлы Отан соғысына қатысушыға атақ берілген күннен бастап ай сайын 11 еселік айлық есептік көрсеткіш;
      13) Орташа табысы кедейшілік сызығынан төмен азаматтарға, Азық-Түлік себеті мөлшерінің көбеюіне сәйкес, ай сайын айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;
      14) Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жұмыскерлерге және дербес зейнеткерлерге біржолғы 30000 теңге мөлшерде.

      2. "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттен келесі әлеуметтік төлем орнатылсын:
      1) үйде оқытылып және тәрбиеленіп жатырған мүгедек балаларға ай сайын сегіз еселік айлық есптік көрсеткіш мөлшерде.

      3. Әлеуметтік көмекті төлеу және тағайындау бойынша уәкілетті орган болып "Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (бұдан әрі-уәкілетті орган) анықталсын.

      4. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесін уәкілетті орган бекітсін.

      5. Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейдегі банкілер арқылы немесе банкілік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің лицензиясы бар ұйымдар арқылы уәкілетті органдарымен ұсынған тізіміне сай жүзеге асырылады.

      6. Әлеуметтік көмек қаржыландыруы "Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізілсін.

      7. Қамысты ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 33 "2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 17 Қамысты аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы "Қамысты ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы (2008 жылғы 25 ақпандағы, мемлекеттік нөмірі 9-11-64, 2008 жылғы 14 наурыздағы № 14 "Новый путь-Бозторғай) аудандық газетінде жарияланған, Қамысты ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 01 тамыздағы № 168, 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 33 Қамысты аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 17 "Қамысты ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы (2008 жылғы 03 қыркүйектегі, мемлекеттік нөмірі 9-11-78, 2008 жылғы 12 қыркүйектегі № 40 "Новый путь-Бозторғай) аудандық газетінде жарияланған, Қамысты ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 273, 2008 жылғы 17 қаңтардағы №33 Қамысты аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №17 "Қамысты ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы (2008 жылғы 29 желтоқсандағы, мемлекеттік нөмірі 9-11-83, 2009 жылғы 02 қаңтардағы № 1 "Новый путь-Бозторғай) аудандық газетінде жарияланған қаулысының күші жойылған деп саналсын.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Алмат Амантайұлы Қылыбаевқа жүктелсiн.

      9. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтар айынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Өтеулин


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады